Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазір қалтаңызда пәтер мен көліктің кілтін ғана емес, ЭЦҚ кілтіңізді де алып жүруге болады.

Ол үшін оны смартфоныңызға жүктеп алсаңыз жеткілікті.

Егер сіздің телефоныңыз Android платформасында болса, ЭЦҚ-ны ұялы телефонға USB кабелін пайдалана отырып, қарапайым файл ретінде жүктеуге болады. Смартфонды USB-кабель арқылы компьютерге қосыңызда, «Менің компьютерім» бөліміне кіріп, ЭЦҚ-ны (AUTH, RSA-…p12 файлдары) смартфонның жад картасына көшіріп алыңыз.

Егер сіздің телефоныңыз iOS операциялық жүйесінде болса, сертификатты жүктеу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:

  1. iTunes бағдарламасын компьютерге орнатыңыз;
  2. Смартфонды компьютерге USB кабелі арқылы қосыңыз;
  3. iTunes-ке өтіп, құрылғы батырмасын басып, «Ортақ файлдарға» өтіңіз;
  4. Сол жақтағы тізімнен eGov mobile бағдарламасын таңдаңыз;
  5. «Қосу» батырмасын басыңыз, көшіргіңіз келетін ЭЦҚ файлдарын таңдаңыз және тағы да «Қосу» батырмасын басыңыз.

Міне, енді сіздің ЭЦҚ-ңыз әрдайым өзіңізбен бірге болады. Бұл сіздің уақытыңызды үнемдеп, қауіпсіздігіңізді арттырады.

Ескертеміз, egov mobile-дан жүктелген ЭЦҚ тек қосымшада ғана жарамды. Егер сіз оны компьютерден жүктеген болсаңыз, оны барлық жерде қолдана аласыз.

Дата публикации
20 января 2022
Дата обновления
20 января 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы