Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда басқа елдердегідей шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру тәртібі белгіленген.

Қазақстанға келген шетелдік азаматтарға 30 күнге дейін уақытша тұруға рұқсат етіледі. Егер олар 30 күннен астам уақытқа келген болса, міндетті түрде рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет.

Ең алдымен жұмыс істеуге рұқсат алу үшін мигранттар Қазақстаннан жұмыс беруші тауып, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасаcуы керек. Ары қарай көші-қон қызметтері орталығында ЖСН алады. Бұл мемлекеттік баж салығын төлеу үшін қажет.

Жұмыс істеуге рұқсат алу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
- еңбек мигрантына рұқсат алу туралы өтініш;
- жеке табыс салығы бойынша аванстық төлемді төлегені туралы түбіртек;
- Мемлекеттік шекарадан өткені туралы белгісі бар паспорт;
- 075 / у нысандағы медициналық анықтама;
- саусақ іздері мен фотосуретке түскендігі туралы анықтама;
- медициналық сақтандыру;
- еңбек шарты.

Фото, видео, саусақ іздерін тіркеуді көші-қон қызметтері орталығында немесе көші-қон полиция қызметінде жасауға болады.

Рұқсат мерзімін жеке тұлғалар бір жыл ішінде 3 ай сайын ұзартып тұрады. Қызмет көші-қон қызметтері орталығында немесе электронды портал арқылы қолжетімді.
Жеке тұлғаларүшін - тегін.

Дата публикации
08 ноября 2021
Дата обновления
08 ноября 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы