Лого

Меню

Страницы

Статья

ТҰРМЫСТАҒЫ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ақаулы электр аспаптарын электр желісіне қосуға қатаң тыйым салынады. Қосылған электр құрылғыларын жанғыш заттар мен материалдарға жақын қоймаңыз. 

Бір уақытта электр желісіне бірнеше қуатты электр тұтынушыларын қосуға жол бермеңіз, себебі бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін. 

Электр сымдарын түсқағаздармен желімдеуге, ескірген элетриялық ұзартқыштарды пайдалануға болмайды, өйткені электр сымдарын оқшаулаудың бұзылуы қысқа тұйықталуға және кейінгі өртке әкелуі мүмкін. 

Ешқашан ақаулы (сынған немесе зақымдалған) электр ажыратқыштарды, электр шанышқыларын пайдаланбаңыз, электр сымдарын бұрау арқылы қосуға болмайды. 

Стандартты емес, қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("қоңыздарды") пайдалану айтарлықтай қауіп төндіреді. Электр желісі шамадан тыс жүктемелерден және қысқа тұйықталудан зауыттық электр автоматтарымен (сақтандырғыштармен) қорғалуы тиіс. 

Пәтерлердегі электр сымдарын үнемі тексеріп отырыңыз және оны орнату мен жөндеуге тек білікті электриктерді қатыстырыңыз. 

Пәтерден шыққанда немесе біраз уақытқа кеткенде міндетті түрде барлық электрқұрылғыларды өшіріңіз. 

Тұрмыста қолданылатын газдың жарылыс қаупі бар екенін ұмытпаңыз, сондықтан газ аспаптарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін және газ аспаптарын пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажет. 

Газ құрылғыларын ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Киімді газ плитасының үстіне кептіруге болмайды, киімнің күйіп кетуіне жол бермеу үшін тамақ дайындау кезінде газ плитасының үстіне еңкейуге болмайды. 

Бөлмеде газдың иісі болса, сіріңке жағуға, темекі шегуге, ашық отты қолдануға болмайды. Бірден авариялық газ қызметін шақыру қажет. 

Балкондарда (лоджияларда), пәтераралық және лифт холлдарында, қабат дәліздерінде жанғыш материалдар мен бөгде заттарды, жиһаздарды сақтамаңыз.

 

Баянаул ауданының ТЖБ

 

Дата публикации
22 июля 2021
Дата обновления
22 июля 2021
Тип
Ережелер мен рәсімдер

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы