
Көктем келіп, күн жылынғанда тұрғын үйлердің ауласын жинау басталады.
Еске түсіреміз, әртүрлі қоқым-қоқысты, тұрғын үйлердің ауласында, сонымен бірге бақша тазалау кезінде, мына жағдайлар рұқсат етілмейді:
- қоқым-қоқысты үйдің жанында, сонымен қатар қараусыз қалған саяжайларда жағуға;
Өрт қауіпсіздік ережесіне сәйкес қоқым-қоқысты жаққан кезде мына міндеттерді орындаған жөн:
- қоқым-қоқысты жаққан жерді қараусыз тастамауға;
- 6 м/с-тен аса жел көтерілсе, от тұтатпауға;
- алауды кішкентай балаларға сеніп тастамауға;
- қоқым-қоқысты жаққан жер өрт сөндіру құралдарымен (су, күрек, құм) жабдықталуы керек;
- кеуіп тұрған заттарға ұшқын тимеу үшін әртүрлі шараларды қолдану керек;
- балаларды отпен ойнатпау керек;
- қоқым-қоқысты жаққаннан соң, бірнеше сағат өткеннен кейін, сол жерге барып тексеру керек;
Құрметті тұрғынтар, , отпен абай болыңыздар. Сіріңкені, темекіні өшірмей тастамаңыздар. Қоқым-қоқысты жаққан кезде барлық өрт қауіпсіздік шараларын есте сақтау керек.
Немқұрайлық көрсетпеңіздер! Отпен абай болыңыздар!
Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі