
2021 жылғы 14 шілдеде өткен Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысында "Баянауыл ауданының Ақсан, Бірлік, Сәтпаев және Ұзынбұлақ ауылдық округтерінің әкімдігіне 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы" қаулы қабылданған.
Отырыста комиссия төрағасы Т.Қалышбеков сөз сөйлеп, 2021 жылғы 14 шілдедегі сағат 18-00 – дегі жағдай бойынша ұсынылған 18 кандидаттың 11 - сі тіркелгенін, оның ішінде: NurOtan партиясынан – 4, НПК-дан-1, өзін-өзі ұсынғандар-6 адам тіркелгенін хабарлады.
Оның ішінде 0-әйелдер, 11-ерлер. Үміткерлердің орташа жасы 42,7 жасты құрайды. Ең үлкен үміткер-60 жаста, ең жасы – 27 жаста.
Мамандықтар бойынша кандидаттар: мұғалім-5, инженер – 2, экономист – 1, заңгер - 1, , мемлекеттік және жергілікті басқару-1, ақпараттық жүйелер-1.
Кандидаттар арасында: 1 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 2 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері,4 - мемлекеттік қызметшілер, 3 – ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, 1-басқалары.
14 шілде күні сағат 18-00-ден бастап Баянауыл ауданы Ақсан, Бірлік, Сәтпаев және Ұзынбұлақ ауылдық округтерінің әкімдігіне тіркелген барлық кандидаттар 2021 жылғы 24 шілде күні сағат 00:00-ге дейін сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.