
2021 жылғы 9 шілдеде сағат 18.00-де ұсыну кезеңі аяқталды. Аудан бойынша барлығы 4 сайлау округтерінде 18 кандидат ұсынылды, оның ішінде 7 (38,8%) - саяси партиялармен, 11 (61,2%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.
Саяси партиялар Ақсан, Бірлік, Сәтбаев және Ұзынбұлақ сайлау округтері бойынша кандидатураларын ұсынды: «NurOtan» партиясы 4 кандидат, «Ақ Жол» ҚДП 1 кандидат, ҚХП 2 кандидат.
Орташа бәсекелестік 3 адамды құрады.
Қазіргі уақытта ұсынылған кандидаттарды тіркеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде, 2021 жылғы 14 шілдеде сағат 18.00-де аяқталады.
2021 жылғы 9 шілдедегі жағдай бойынша барлық округтерде кемінде екі адам ұсынылды.
Ағымдағы жылғы 10 шілдедегі жағдай бойынша 6 кандидат тіркелді (27,7%).
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабының 9-тармағына сәйкес кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы ресми ақпарат БАҚ-та жарияланатын болады.