
2021 жылдың 08 шілдесінде Смагулов Толеген Ынтикбаевич және Касенов Аслан Кабдрахимович Ақсан ауылдық округінің әкіміне өз кандидатураларын ұсыну туралы құжаттарын өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынды.
2021 жылдың 08 шілдесінде Омаров Алмас Биржанович Баянауыл ауданы Ақсан ауылдық округінің әкіміне "Ақ жол" партиясы кандидатурасын ұсыну туралы құжаттарын ұсынды.
Баянауыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Күнтізбелік жоспарға сәйкес әкімдікке кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 9 шілдеде жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады.