Лого

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысында 549 бизнес субъекті Ashyq жобасына қатысып жатыр

Қазіргі кезде Ashyq жобасына қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерден 602 өтінім келіп түсті. Соның ішінде 549 нысан QR-код алып, жұмыс істеп жатыр, тағы 53 өтінім қаралу үстінде.

Мұндай ақпаратты Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов хабарлады. «4 шілдеден бастап Павлодар облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа енді.

Өңірде бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты, оған сәйкес шектеу шаралары күшейтілді. Жаңа қаулы 7 шілдеден бастап күшіне енді. Осыған байланысты Ashyq жобасына қосылам деуші нысандар саны күрт артты», – деді Серік Сәдуақасов.

Цифрлық даму министрлігінің 7 шілдедегі мәліметтеріне сәйкес Павлодар облысы бойынша Ashyq жобасына қатысып жатқан 46 нысанға «сары немесе қызыл» статуспен 100 адам келген. Соның ішінде «қызыл» статусы бар – 68 адам, «сары» статуспен – 32 адам тіркелген. Олардың 60-ы Павлодар облысының тұрғындары болса, 40 адам басқа облыс азаматтары.

Айта кету керек, тәртіпті бұзған қатысушылар Ashyq жобасына шығарылуы мүмкін. Мәселен, Цифрлық даму министрлігінің бақылау нәтижелеріне сәйкес келушілерді тіркемеген (чекин саны – 0) 14 нысан 2 шілдеден бастап жобадан екі аптаға шығарылды.

Еске салсақ, Ashyq жобасына қатысуға өтінімдер infokazakhstan.kz сайтына жіберіледі. Ashyq жобасына қатысты сұрақтар болса, Палодар облысы кәсіпкерлер палатасына хабарласуға болады, тел: 8/7182/66-03-11 ішкі: 5502, 5510.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы

#seriksadvakasov

#ӨКППавлодар

Дата публикации
09 июля 2021
Дата обновления
09 июля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы