Лого

Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері кәсіпкерлерге 600 млн теңгеден астам соманы сақтап қалуға көмектесті

Осы жылы Өңірлік кәсіпкерлер палатасына кәсіпкерлерден бизнесті қорғау бағыты бойынша 68 өтінім келіп түсті. Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов 68 өтінімнің 15-і сатып алу мәселесіне қатысты екенін айтты.

Бұдан бөлек, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 12 өтінім, салық салу – 10, санитарлық-эпидемиялық ахуал – 13, жер қатынастары – 8, қарыз алу шарты – 4, логистика – 3, басқа салалар бойынша 3 өтінім келіп түскен. «Кәіпкерлер палатасының бірінші кезектегі міндеттері ішінде бизнестің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау міндеті тұр.

Палата сарапшылары кәсібін адал жүргізетін кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтынын ерекше атап өткен жөн. Келіп түскен өтінімдерді 40%-ы өңірлік палата сарапшыларының араласуынан кейін оң шешімін тапты», – дейді Серік Сәдуақасов.

Палата сарапшылары кәсіпкерлердің мәселелерін сотқа жеткізбей шешуге тырысатындарын айтады. Ол үшін ӨКП алаңында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі жұмыс істейді. Осында дөңгелек үстел басына бизнес, өкілетті мемлекеттік органдар өкілдері, Прокуратура мамандары жиналып, мәселелерді қарайды.

Ағымдағы жылдың басынан бері Кеңестің 5 отырысы өтіп, онда кәсіпкерлердің 11 проблемалық мәселесі қаралып, оның 7-уі оң шешімін тапты. Тағы 2 сұрақ қаралу үстінде.Егер мәселе Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде қарау кезінде шешім таппаса, сондай-ақ бизнесмен сот процесіне тартылып, әуре-сарсаңға түссе, онда Палата заңгерлері сот процестеріне қатысып, кәсіпкердің құқықтарын сотта қорғайды.

Осылайша, 2021 жылы ӨКП сарапшылары 29 сот процесіне қатысты. 17 іс бойынша шешім кәсіпкерлердің пайдасына шығарылған. «Егер бизнесменге өз құқықтарын қорғау қажет болса, онда Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінуге болады. Мекенжайымыз, Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16. Анықтама ақпарат: 8/7182/ 660311», – деп қорытындылады Серік Сәдуақасов.

#Павлодароблысыкәсіпкерлерпалатасы

#seriksadvakasov

#РПППавлодар

Дата публикации
09 июня 2021
Дата обновления
09 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы