Лого

Меню

Страницы

Статья

Ағымдағы жылдың 5 айында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері кәсіпкерлік субъектілеріне 473 қызмет көрсетті.

Ағымдағы жылдың 5 айында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілері кәсіпкерлік субъектілеріне 473 қызмет көрсетті. Ең көп сұранысқа ие болған қызметтер - маркетингтік қызмет болды.«Бизнесті қолдаудың тиімді тетіктерінің бірі - кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау. Соның ішінде сервистік қолдау, оның аясында мамандандырылған қызметтер бизнеске ақысыз түрде ұсынылады. Мысалы, кез-келген фирма өз штатында жоғары білікті заңгерді жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Немесе, өз ісін жаңа бастаған кәсіпкер салық салу не болмаса мемлекеттік сатып алу саласында бірқатар қиындықтарға тап болуы мүмкін.

Мұндай сәтте сервистік қызметтер өте уақтылы көрсетіліп, қажетті болып табылады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бизнес-жоспарды құруға, бухгалтерлік есеп пен салық есебі мәселелеріне, статистикалық есептер дайындауға, құқықтық, онымен қоса мемлекеттік сатып алулар мәселелері бойынша көмектеседі», - дейді Серік Садвакасов, Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры.

Кәсіпкерлер арасында ең сұранысқа ие қызметтер - маркетингтік қызметтер, дәлірек айтсақ бизнес-жоспарлар әзірлеу, бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге байланысты қызметтер.

Кәсіпкерлер қызметтерді оффлайн режимінде Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16 мекенжайы бойынша орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласу арқылы, https://g4b.kz/ мекенжайы бойынша да ала алады.Толығырақ ақпаратты Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасынан алуға болады.

Анықтама үшін телефон: 8/7182/654415, 8/7182 / 660311.

ҰКП Call-Center - 1432.

Дата публикации
04 июня 2021
Дата обновления
04 июня 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы