Лого

Меню

Страницы

Статья

Балық аулау кезінде мұздағы қауіпсіздік ережелері!

Мұзға шықпас бұрын қауіпсіздік ережелерін сақтаған дұрыс, бұл сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етеді және өміріңізді сақтап қалу мүмкін.

Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен қысқы балық аулау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде әңгіме жүргізілді. Аудан аумағында бірнеше көлдер болуы себепті жергілікті және сырттан келуші балықшылар көп. ТЖБ қызметкерлері 36 балықшыға қауіпсіздік шараларын ескертіп, оларға 36 дана қауіпсіздік ережелер туралы жадынамалар таратылды.

Қысқы балық аулау кезінде белгіленген қауіпсіздік шаралары бар:

- Қалыңдығы жұқа, қатпаған мұзға шығуға болмайды;

- Қамысты жерлерде және ағымдарда мұздың қалыңдығы әлсіз болады;

- Мұздағы қауіпсіздік адамдардың бір-бірінен орналасуына байланысты;

- Мұз үстіне көлікпен шығуға тыйым салынады;

- Балық аулау кезінде алкоголдік сусындардан бас тартыңыз.

Өз өміріңізді сақтаңыз! Қарапайым қауіпсіздік ережелері сіздің өміріңіздің кепілі.

Дата публикации
26 марта 2021
Дата обновления
26 марта 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы