Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде көптеген хабарландырулар пайда болды

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде көптеген хабарландырулар пайда болды, онда адамдарға белгілі ақыға дербес деректерді сұрату жолымен ЭЦҚ-ны онлайн алуға көмектесуді ұсынады. Сондай-ақ, кейбір азаматтар жағдайды пайдаланып, азаматтан ЖСН, ЭЦҚ, банк картасының деректемелерін және тіпті одан пин-кодты сұрай отырып, мемлекеттік қызметтерді онлайн ресімдеуді ұсынады.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтарға осындай қызметтер үшін жүгінуден бас тартуды ұсынады.

Бөтен адамдарға өз деректерін, оның ішінде ЭЦҚ ұсына отырып, азаматтардың өздері өздерінің дербес деректері мен мүлкіне қатер төндіретінін түсіну қажет. Сонымен қатар, олар есептейтін төлемдер олардың көмегімен ұрлануы мүмкін.

Азаматтарға арналған үкімет қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді онлайн түрде ЭЦҚ немесе бір реттік смс арқылы және әлеуметтік қызмет көрсетуді ресімдеу мәселелері бойынша тегін және қауіпсіз көмек ала алатынын хабарлайды.

Егер азамат ақылы күмәнді "көмекшілердің" қызметтерін пайдаланып, өз деректерін берген жағдайда, Азаматтарға арналған үкімет pki.gov.kz сайттағы жеке кабинет арқылы азаматтарға электрондық-цифрлық қолтаңбаның паролін ауыстыруды немесе оны толығымен жоюды ұсынады.

Дата публикации
18 марта 2021
Дата обновления
18 марта 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы