Лого

Меню

Страницы

Статья

Жылыту кезеңінің алғашқы айларынан бастап, Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы жеке тұрғын үй секторындағы үгіт-профилактикалық жұмыстарды белсендірді.

Тәжірибе көрсеткендей, өрттер саны жылыту кезеңінің алғашқы айларында көбейе түседі, және осы кезде пайдалануға дұрыс әзірленбеген жылыту пештері өз зияндарын көрсетеді. «Өрт қауіпсіздігі айлығына» өз пештерін дайындау бойынша ескертулерді елемеген азаматтар ең соңында өрттер мен улы газбен улану жағдайларына ұшырап жатады.

Жоғарыда аталған төтенше жағдайлардың жолын кесу үшін, Бөлім қызметкерлері күн сайын жеке тұрғын үй секторын аралайды. Аула аралау жұмыстары кезінде басты назар тұрмысы төмен, көп балалы жанұяларға аударылады. Әрбір азаматқа өрт қауіпсіздігінің ережелері түсіндіріліп, үй иелерінің рұқсатымен пештік құрылғыны тексеріп қарайды.

Егерде тексеру барысында өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, үй бақылауға алынатын болады. Бақылауда тұрған үйлер қайта тексеріліп, барлық кемшіліктер жойылғанша жұмыс жалғасатын болады.

Азаматтарға улы газбен уланудың барлық жағдайлары мен қайғылы салдары жеткізіліп, аудан аумағында орын алған өрттер статистикасы аталды. Қызметкерлер үй иелеріне ақаулы жылыту пештерінде сақталатын қауіп-қатерлер туралы жеткізуге тырысты.

Аталған жұмысқа Өрт сөндіру бөлімдерінің қызметкерлері де өз үлестерін қосуда, олар әр сайын жеке тұрғын үй секторында аула аралайды.

 

Баянаул ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты    Мырзабай А.С.

 

 

Дата публикации
04 февраля 2021
Дата обновления
04 февраля 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы