Лого

Меню

Страницы

Статья

Иiстi газдың қауiпi!

Көрiнбейтiн, елеусiз, зұлым қауіпі - көптеген адамдар улы газ салдарынан немесе көмiртектiң тотығынан зақымданған. Өкiнiшке орай, улы газ туралы біліп отырса да, барлық жерде улануға ұшырап жатады. Бұндай жағдайлар өрт қауiпсiздiк ережелерін сақтамағандықтан орын алуда, атап айтқанда жылытқыш пештер мен газ құралдарын дұрыс пайдаланбаған кезде жиі байқалады.

Адамның ағзасына улы газ қатерлi әсерi етеді, зат тыныс алу жүйесiн зақымдайды, қан жүйесіне еніп, гемоглобинмен қосылады, нәтижесінде қанның құрамы өзгере бастайды, содан кейін бүкіл ағза зардап шегеді.

Улы газбен улану денсаулыққа елеулі, кейбір жағдайда орны толмас зиян келтіреді. Негізгі проблема бұл оның түссіз, иіссіз болуында тіпті ешқандай да сезім тудырмайды, сондықтан иісін «жасырын өлтiрушi» деп атайды. Улы газ ауамен араласып білінбейтін кейіпке ие болады, сондықтан адам уланғаннан кейін ғана нашарлағанын аңғарады.

Улы газбен улану жазатайым оқиғаларының алдын алу мақсатында, Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауiпсiздiгiнің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.

Жылытқыш пештерді пайдалану кезінде төмендегілер тиым салынады: жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға; пеш қабырғасындағы жарықшақтар, бікетілген мұржаның ауыр құбыры зардаптарға алып келуі мүмкін; пешті пайдалану нұсқаулықтарында қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолдану (қатты, сұйық, газды); жағуға дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы тақтайшаға қоюға; көп адамдар жиналып іс-шаралар өткізу кезінде бөлмеде пеш жағуға; пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген уақыттан артық жағуға; жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім, отынды) пештің үстінде және мұржа құбырынан 0,5 м. ара қашықтықтан жакын жерде кептіруге тиым салынады; газ жабдығын жөндеуге, ауыстыруға және қайта орнатуға тырыспаңыз; жабық бөлмелерді жылыту үшін газ және керосин шiлтерiн пайдаланбаңыз; балаларды газ аспаптарына жақындатпаңыз; көмiр жанып болғанша пеш жабынын жаппаңыз; бөлменің жақсы желдетілуін қарастырыңыз; дайындалып жатқан тамақты пеш плитасында қараусыз қалдырмаңыздар.

Баянаул ауданының ТЖБ инженері

азаматтық қорғау лейтенанты                    Мырзабай А.С.

 

Дата публикации
27 января 2021
Дата обновления
27 января 2021
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы