
Ақаулы электр аспаптарын электр желісіне қосуға қатаң тыйым салынады. Қосылған электр құрылғыларын жанғыш заттар мен материалдарға жақын қоймаңыз.
Бір уақытта электр желісіне бірнеше қуатты электр тұтынушыларын қосуға жол бермеңіз, себебі бұл электр желісінің шамадан тыс жүктелуіне әкелуі мүмкін.
Электр сымдарын түсқағаздармен желімдеуге, ескірген элетриялық ұзартқыштарды пайдалануға болмайды, өйткені электр сымдарын оқшаулаудың бұзылуы қысқа тұйықталуға және кейінгі өртке әкелуі мүмкін.
Ешқашан ақаулы (сынған немесе зақымдалған) электр ажыратқыштарды, электр шанышқыларын пайдаланбаңыз, электр сымдарын бұрау арқылы қосуға болмайды.
Стандартты емес, қолдан жасалған сақтандырғыштарды ("қоңыздарды") пайдалану айтарлықтай қауіп төндіреді. Электр желісі шамадан тыс жүктемелерден және қысқа тұйықталудан зауыттық электр автоматтарымен (сақтандырғыштармен) қорғалуы тиіс.
Пәтерлердегі электр сымдарын үнемі тексеріп отырыңыз және оны орнату мен жөндеуге тек білікті электриктерді қатыстырыңыз.
Пәтерден шыққанда немесе біраз уақытқа кеткенде міндетті түрде барлық электрқұрылғыларды өшіріңіз.
Баянаул ауданының ТЖБ инженері
азаматтық қорғау лейтенанты Мырзабай А.С.