Лого

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан қандай кепілдік берілген?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңында зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілетіндігі туралы бап 2003 жылы пайда болды. Бұл механизм 2009 жылдан бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастады.

Өйткені осы кезеңде қаржы дағдарысы салдарынан зейнетақы активтерінің табыстылығы азайған болатын. Сонымен мемлекет зейнетақы жарналарының нақты енгізілген мөлшерінде сақталуына кепілдік береді. Мұнда мемлекеттік кепілдік бойынша біржолғы айырма төлемі есептеледі.

Ол инфляцияны есепке ала отырып, зейнеткердің шотындағы бүкіл жинақтардың сомасы мен сол шотқа енгізілген бүкіл жарналардың сомасын өзара салыстырғанда айқындалатын айырма сомасы.

Біржолғы айырма төлемін зейнеткерлік жасқа толған азаматтар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар, шетелге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар және осы төлемді алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, оның мұрагерлері алуға құқылы.

Бұл ретте Қорда зейнетақы жинақтары бар, I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандар және шетелге қоныс аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақы жинақтары есебінен төлемдерді алу үшін Қорға жүгінеді.

Ал мемлекеттік зейнетақылар мен мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бір өтінішпен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді. Ал зейнет жасына толған азаматтар 2018 жылдың қазан айында енгізілген Композиттік қызмет аясында мемлекеттік зейнетақылар мен Қор төлемдерін және мемлекеттік кепілдік бойынша айырма төлемін алу үшін бірыңғай өтінішті тек бір жерге – осы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады. Айырма төлемін алу үшін бөлек өтініш берудің қажеті жоқ.

Мемлекеттік корпорация зейнеткердің жинақтары туралы Қордан алынған мәліметтерді оның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысқан бүкіл кезеңіндегі инфляцияны ескере отырып, осы кезеңде енгізілген зейнетақы жарналарының сомасымен салыстырып тексереді. Егер алушының зейнетақы жинақтарының инвестициялық табысты қоса есептегендегі жалпы сомасы инфляцияға тең және одан жоғары болса, айырма сомасы төленбейді. Ал егер инфляциядан төмен болса, Мемлекеттік корпорация айырма төлемін есептейді. Бұл сома біржолғы төлем ретінде республикалық бюджет есебінен алушының банк шотына 10 жұмыс күні ішінде аударылады.

Баянауыл елді мекеніндегі қызмет

көрсету орталығының жүргізуші маман Турсунбаева Г.Т.

тел: 87184091769

 

Дата публикации
15 июля 2019
Дата обновления
15 июля 2019
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы