
«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-сі 2020 жылғы 25 желтоқсандағы сағ 15:00-де жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді. Аукцион мына мекен-жайда өткізіледі: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі 45 үй (мәжіліс залы).
Жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі
аукционға ұсынылған жер телімдерінің тізбесі
|
№ р/с |
Жер теліміні орналасқан жері |
Нысаналы мақсаты |
Көлемі, га |
Бір жылдық жалдау құны, тенге |
Пайдалану құқық түрі, жыл |
Жер телімінің құны, тенге |
Бастапқы құны, тенге |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
|
1 |
Баянауыл ауылы, Абай көшесі |
Шатырлы лагер және демалыс орталығын орналастыру мен қызмет көрсету үшін |
1,2 |
6 912 |
3 |
6 696 000 |
401 760 |
|
2 |
Баянауыл ауылы, Әбікен Бектуров көшесі |
Этно ауыл құрылысы үшін |
0,10 |
5 76 |
3 |
558 000 |
33 480 |
|
3 |
Жаңажол ауылы |
Мал бордақылау алаңы құрылысы үшін |
1,0 |
5 760 |
3 |
920 000 |
55 200 |
|
4 |
Майқайың кенті, Жұмат Шанин көшесі |
Монша мен көлік жуу орындары құрылысы үшін |
0,04 |
461 |
3 |
168 000 |
10 080 |
|
5 |
Майқайың кенті, А.Кабылбекова көшесі |
Гараж құрылысы үшін |
0,002 |
23 |
3 |
8 400 |
504 |
|
6 |
Майқайың кенті, В.Христенко көшесі |
Гараж құрылысы үшін |
0,0036 |
41 |
3 |
15 120 |
907 |
|
7 |
Бірлік ауылы, Бөгенбай батыр көшесі |
Монша құрылысы үшін |
0,08 |
461 |
3 |
144 000 |
8 640 |
|
8 |
Бірлік ауылы, Машхүр Жүсіп Көпеев көшесі |
Техника жөндеу орталығы құрылысы үшін |
0,05 |
288 |
3 |
90 000 |
5 400 |
|
9 |
Ұзынбұлақ ауылы, Ұзынбұлақ көшесі |
Мал қора құрылысы үшін |
0,25 |
1 440 |
3 |
373 750 |
22 425 |
|
10 |
Торайғыр ауылы, С.Торайғыров көшесі |
Екі пәтерлі тұрғын үй құрылысы үшін |
0,2 |
1 152 |
3 |
442 000 |
26 520 |
Аукционға қатысушыларды тіркеу/қабылдау: Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады. Өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін түскен өтінімдер қаралмайды.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет: 1) мәліметтер түріндегі жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі аукционға қатысуға өтінім; 2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны "электрондық үкімет" төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; 3) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.
Электрондық өтініш берілген жағдайда, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында тізбеленген құжаттар құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.
Әрбір жер телімі бойынша бөлек кепілдік жарна 126 250 теңге көлемінде «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің депозиттік шоттіне салынады: ИИК KZ170705034633002001. Код 4633002, БИН 060140004600, БИК KKMFKZ2A, регион 450401, Кбе 12, КНП 171, КБК –нет.
Аукциоға қатысу өтінім мына мекен жай бойынша қабылданады: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, 49 үй, тел: (8-718-40)-9-13-43 және эл. почта Bayanozo@mail.ru
Сатушы мен сатып алушы есеп айырысуды мынадай тәртіппен жүргізеді: 1) аукцион барысында белгіленген бағаның елу пайызы мөлшерінде аванстық төлем сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде енгізіледі. Кепілдік жарна тиесілі аванстық төлемнің шотына есептеледі; 2) қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.
Аукцион ағылшындық әдісімен өткізіледі.
Жер телімдерін пайдалану құқығын сату шарты: жер телімін нысаналы мақсатында пайдалану, жалдау құқығын сатып алу келісім шартын және жер телімін жалға алу келісім шартын жасау, жобаланатың ғимаратқа сәулет жоспарлау тапсырмасын алу, құрылыс жүргізуі үшін бұйрық алу.