
Жасалған талдауларға сүйенсек жыл басынан бері облыс көлемінде автокөліктердегі өрт саны көбейіп тұр. Көбінесе себеп болушы факторлар автокөліктін электр жүйесінің ақаулығы және газ балондық құрылғыларынын дұрыс қондырмау немесе дұрыс күтім көрсетпеу салдарынан орын алатын ақаулықтар. Автокөлік саны артқан сайын автомобильдегі өрт саны жоғарылап, мұндай жағдайлар әдеттегі оқиғаларға айналып барады.
Бәріміз білетіндей автокөліктер өте тез жанады және металл тапсыратын орынға тапсыру үшін бірнеше минуттың өзі жеткілікті. Егер автокөлікте қосымша бензин құйылған канистр, синтетикалық әртүрлі материалдар болса 1,5 минуттың ішінде-ақ толық жанып кетеді.
Кейде сұйық отын құбырына жеткенше сымдар жүйесі бықсып жалын көрінбей жасырын және кідірген түрде өрт пайда болады. Егер автокөлік көліктер жинақталған орында тұтанса, әсіресе көлікті басқа көліктерден алшақтату мүмкін болмаса, онда өрт қауіптілігі жоғарылайды.
Автокөліктегі кез келген өрт астына ағып жатқан бензин, май немесе түтін иісінен басталады. Иіс- ол қауіп жөніндегі алғашқы және кейде жалғыз ғана белгі. Иісті сезген бойдан машинаны тоқтатып, қозғалтқышты сөндіріп, автокөлікті қарап негіз болған иіс себебін тауып, жою қажет. Көбінесе, өрт қарапайым өрт қауіпсіздігі тәртіптерін сақтамаудан және электр желілерінің қысқа тұйықталуы, сұйық отынға берілетін жүйенің шығып кетуі, салонда темекі тарту, тез тұтанатын жүктерді тасудағы ұқыпсыздық, сұйық отынның төгілуі мен жануы, автокөлікте сақталған майланған шүберектің өзігінен тұтануы секілді себептерден басталады. Қысқы кезеңде жанудың әдеттегі себептеріне суықтан қатып қалған қозғалтқыштарды дәнекерлерлейтін шам немесе басқа да ашық отынның көмегімен қыздыру болып табылады.
Автомобильде өрт пайда болған жағдайда және өрт сөндірушілер келгенше қандай іс-әрекеттер жасау керек? Мұндай жағдайлар мен мүмкін болатын зардабын барынша азайтуда және қиын минуттарда абдырамай лайықты шығу үшін сіз білуіңіз қажет жалпы ережелер мен ұсынымдар бар. Егер қозғалыс кезінде автомобиль жанса, ондай жағдайларда:
- Тез арада тоқтап, барлық жолаушылар салоннан шығару қажет.
- 101 немесе 112 кезекшілік қызметіне қоңырау шалу, уақытты жоғалтпау үшін жанындағы адамнан сұрауға болады.
- Қозғалтқышты өшіріп, капот құлыпынан босатып, аккумулятор батареясын ажыратып және өрт сөндіргіш құралды қолдану керек. Сондықтан да, тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр құрылғыларын өшіруге арналған бір литрден кем емес сыйымдылықтағы өрт сөндіргіш құралын өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. Өрт сөндіргіш құралдың көлемі үлкен болған сайын, жанып кетудің алдын алу мүмкіндігі артады.
- Қозғалтқыш бөлігіндегі өртті өшіруге суды қолданбаңыз, ол – электр желілерінің қысқа тұйықталуы және жанып жатқан бензиннің жайылуы мен жану алаңының үлкеюне әкелуі мүмкін.
- Егер жалын сұйық отын орналасқан машинаның артқы бөлігін қамтыса, тез арада автомобильден аулақ кетіңіз.
- Егер автомобиль гаражда жана бастаса, онда сыртқа итеріп шығарып өшіруге көшіңіз.
- Егер сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс жасаған болсаңыз, өртті өшіруге тырыспаңыз. Автомобильден бұрын өзіңіз жанып кетіп, жарақат алуыңыз мүмкін.
Баянауыл ауданының ТЖБ