
Баянауыл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы 2020 жылдың 20 қарашасынан бастап уақытша тоқтатылды.
Енді тұрғындар мемлекеттік қызметтерді тек онлайн алатын болады.
Коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау және оқшаулау шараларын күшейту мақсатында Баянауыл ауданының халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысы уақытша тоқтатылды.
Қазақстандықтарға бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің 80%-ы электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді, сондай-ақ қажетті анықтамаларды eGov Mobile мобильді қосымшасы және телеграмдағы egovkzbot2.0 боты арқылы алуға болады.
Азаматтарға арналған үкімет Павлодар облысы бойынша филиалы тұрғындарды барлық санитарлық талаптарды орындап, үйден шықпауға кеңес береді және керекті мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға шақырады.
Жақындарыңыз бен өзіңізді қорғаңыз!
Қосымша ақпаратты келесі нөмірлерге хабарласып, білуге болады:
87052654057
87021796427
87714760715
87055889571
87085145146
87712777731
87052321820