Лого

Меню

Страницы

Статья

Пресс-релиз

Күн сайын азаматтар жеке басын күәландыратын құжаттарға байланысты проблемалық мәселелерге жүгінеді. КСРО-ның Қызыл паспорты мұражай экспонаты болуы керек, алайда Қазақстанда ондай адамдар әлі де бар.2020 жылдың басынан бастап Баянауыл ауданы ПБ көші-қон қызмет тобына 1974 жылғы үлгідегі кеңес паспорттардың 4 иегері жүгінді.

Әдетте,кеңес паспорты жоғалды, ал олардың қолында жеке басын күәландыратын ресми құжаттар жоқ. 1974  жылғы паспорттардың иелері,  негізінен, әртүрлі себептермен қиын өмірлік жағдайға тап болған қолайсыз санатқа жататын азаматтар.

Тиісінше, мұндай азаматтар әлеуметтік жәрдемақылар мен мемлекет кепілдік берген өзге де жеңілдіктерді алу мүмкіндігінен айырылған. Сонымен қатар, қолында кеңестік паспорты бар азаматтар өздерінің Қазақстанға жататынын дәлелдеуі тиіс, ол үшін сол елдің азаматтығының жоқтығы туралы бұрыңғы одақтас республикаларға сұрау салулары қажет.Дәл осы жағдайлар осындай азаматтарды қазақстандық құжаттарға құжаттау рәсімінен тоқтатады. Алмасу үшін Баянауыл ауданы полиция бөлімі көші-қон қызмет тобына жүгіну қажет.

КСРО-ның паспорттары бойынша азаматтардан құжаттардың уақтылы алынбау себептері көрсетілген еркін нысандағы өтініш барлық тұратын, оқитын,  жұмыс істейтін жерлері көрсетілген толық өмірбаян, бұрыңғы КСРО-ның паспорты қабылданады. Әрі қарай жағдайға қарастыра отырып, тексеру материалдары жиналады.

Дата публикации
29 октября 2020
Дата обновления
29 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы