Лого

Меню

Страницы

Статья

Қыркүйек айында Павлодар облысының 2,3 мыңнан астам медицина қызметкері қыркүйек айында үстемақы алды

"Қыркүйек айының қорытындысы бойынша өңірлік комиссияның шешімі негізінде эпидемияға қарсы іс– шараларға қатысқаны үшін жалақыға үстемеақыны біздің өңірдің 2,3 мыңнан астам медицина қызметкері алды", - деп хабарлады. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ  Павлодар филиалы. Төлем сомасы 565,6 млн. теңгеден асады.

Инфекциямен қауіпті жағдайда жұмыс істеуге тартылған медицина қызметкерлерінің саны эпидемиологиялық жағдайға байланысты ай сайын өзгеріп отырады.

Егер наурыз айында коронавируспен жұмыс істеуге 1,4 мың медицина қызметкері тартылса, мысалы, шілдеде олардың саны 5 мыңға жуық адамға дейін өсті. Айлар бойынша статистика келесідей:

Наурызда 1441 медицина қызметкері 143,3 млн теңге, сәуірде - 2672 медицина қызметкері 371,3 млн. теңге, мамырда - 2675 медицина қызметкері 503 млн. теңге, маусымда – 3712 медицина қызметкері 716,5 млн. теңге, шілдеде – 4962 медицина қызметкері 1,4 млрд. теңге және тамызда – 3892 медицина қызметкері 783,1 млн. теңге алды.

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында COVID-19-ға қарсы күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізуге тартылған. Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне осы жылдың екінші жарты жылдығы үшін ынталандыру үстемеақыларын төлеуге 150 млрд. теңге бөлуді көздеу тапсырмасы берілді.

"Осы тапсырманы орындау үшін Қор осы жылдың соңына дейін медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеу үшін қаржыландыру қажеттілігі не болжамдық есептеулер жүргізді. Қор пандемияның қиын жағдайында алдыңғы қатарда тұрған әріптестерімізге үстемеақыларды уақтылы және жедел төлеу бойынша өз жұмысын жалғастыратынына сендіргім келеді", - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Павлодар филиалының басшысы Н.Қ.Қасымов.

Дата публикации
26 октября 2020
Дата обновления
26 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы