Лого

Меню

Страницы

Статья

Өрт қауіпсіздігін сақатуға үйретті

Баянауыл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері жалпы орта білім беру мектептері мен балабақшалардың қызметкерлері үшін өрт қауіпсіздігі бойынша дәріс өткізді. Іс-шараға оқу мекемелерінің директорлары мен шаруашылық меңгерушілері, электр қалқандарын, жабдықтарды және сымдарды бақылауға жауапты қызметкерлер қатысты.

Баянауыл ауданының ТЖБ бастығы Орман Түсіпов қатысушылардың назарына көп жағдайда ғимараттардағы өрттің себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы
болып табылатынын жеткізді.

Ол электр жабдықтарының жағдайын мерзімді бақылаудың маңыздылығын атап өтіп, оларды ай сайын кемінде бір рет профилактикалық тексеруді ұсынды. Сондай-ақ, Орман Түсіпов қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әрбір нақты жағдай бойынша
егжей-тегжейлі кеңес берді.

Баянауыл ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері тыңдаушыларға адамдар көп жиналатын объектілерде өрт туындаған жағдайда әрекет ету ұсынымдары көрсетліген жадынамалар табыс етіп, өрт немесе өрт белгілері пайда болған кезде дереу өртке қарсы қызметке «101» телефон нөмірі бойынша хабарлау қажет.

ЖБ бастығы Орман Түсіпов шұғыл қызметтерге Ұялы телефоннан тіпті нөлдік теңгерімде қоңырау шалуға болатынын атап өтті. Жыл сайын адамдар көп жиналатын объектілерде 500-ден астам өрт оқиғасы орын алады. Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сізден өрт қауіпсіздігінің барлық шараларын сақтауды сұрайды. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!

Дата публикации
23 октября 2020
Дата обновления
23 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы