
Сіздің балаңыз 18 жасқа толғаннан кейін нысаналы жинақтарын екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім беру ақысын төлеуге өз бетінше пайдалану құқығына ие болады. Ол үшін балаңызға Уәкілетті операторларға өтініш беру қажет.
Бүгінгі күні уәкілетті оператор-банк ретінде:
"Отбасы банк" АҚ (тұрғын үй және білім алу),
"Халық банкі" АҚ (білім алу),
"Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу) тіркелген.
Ата-аналар жинақтарды тексере ала ма?
Кәмелетке толмаған баланың ата-аналары немесе заңды өкілдері өз баласына Бағдарлама аясында жасалған есептеулерді kids.enpf.kz сайтында, EGOV mobile мобильді қосымшасында, сондай-ақ кейбір банктердің қосымшаларында көре алады.
Бала он сегіз жасқа толғанда "БЖЗҚ" АҚ-да оған нысаналы жинақтау шоты ашылады, оған тек нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алады.