
Қазақстан Республикасының азаматтығы он сегіз жасқа толғанға дейін немесе одан кейін тоқтатылған кезде нысаналы талаптарға қатысушы немесе нысаналы жинақтарды алушы нысаналы жинақтар төлемін алу құқығынан айырылады. Бұл ретте оның нысаналы талаптары мен нысаналы жинақтары белгіленген тәртіп бойыншапен басқа қатысушылар арасында бөлінетін болады, ал оның нысаналы жинақтау шоты жабылады.
Нысаналы талаптарға қатысушы-нысаналы жинақтарды алушы қайтыс болған жағдайда мұраға қалған нысаналы жинақтарды алу үшін мұрагерге қандай құжаттар талап етіледі және оларды қайда ұсыну қажет?
"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына қатысушы қайтыс болған жағдайда оның нысаналы талаптары немесе нысаналы жинақтары азаматтық заңнамаға сәйкес мұраға беріледі. Оларды алу үшін мұрагерлер БЖЗҚ-ға жүгінуі қажет. Қаражат қайтыс болған адамдардың нысаналы жинақтарын нысаналы жинақтау шотына есептегеннен кейін ғана қолжетімді болады. Төлемдерді алу үшін мұрагерлер уәкілетті оператор-банкте АҚШ долларымен банктік шот ашады.
Мұрагерлер қаражатты кез-келген мақсатта пайдалана алады, яғни оларды мақсатты пайдалану туралы міндетті талап жойылады.
Нысаналы жинақтары бар адамның қайтыс болуына байланысты төлемдерді ресімдеуге қажетті құжаттардың өзекті тізбесі БЖЗҚ сайтында орналастырылған.