Лого

Меню

Страницы

Статья

Ертіс өңірінің тұрғындары Медициналық сақтандыру қорына 18,1 млрд теңге аударды

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жұмыс істей бастады, ол бірінші кезекте медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған. Еліміздің барлық тұрғындары ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейін міндетті медициналық сақтандыру қорында шартты түрде сақтандырылған болып саналды. Қазақстандықтардың көпшілігі жеңілдікті кезеңді 1 шілдеге дейін төлемдерді төлеуден босату ретінде қабылдады және төлеуді тоқтатты. Ал жеңілдік кезеңі тұрғындар осы кезеңде МӘМС жүйесіндегі мәртебені анықтауы үшін арнайы жасалды.

Жеңілдікті кезең аяқталғаннан кейін МӘМС жүйесінің қатысушысы болмаған адамдар шұғыл көмек кіретін ТМККК шеңберінде ғана медициналық қызметтерді ала бастады. МӘМС қатысушысы болып табылмағандар 2020 жылдың қаңтарынан бастап жарна енгізіп, сақтандыру мәртебесін ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС-ке жұмыс берушілердің аударымдары 1,5% мөлшерлемеден 2% - ға дейін ұлғайды, сондай-ақ жұмыскерлердің жарналары (міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілетін, жұмыскердің табысынан ұсталатын сома) 1% мөлшерінде енгізілді.

Жыл басынан бері жарналарды және аударымдарды төлеуді жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, жеке практикамен айналысатын адамдар, жалдамалы қызметкерлер, дербес төлеушілер және мемлекет азаматтардың жеңілдікті санаттары үшін аудара бастады.

"Жарналарды екінші деңгейлі банктер, Қазпошта бөлімшелері, екінші деңгейлі банктердің терминалдары мен мобильдік қосымшалары, сондай - ақ медициналық ұйымдарда орнатылған өзіне-өзі қызмет көрсету төлем терминалдары арқылы төлеуге болады", - деді Нұрлан Қасымов.

2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін Павлодар облысы бойынша аударымдар мен жарналардың жалпы сомасы 18,1 млрд.теңгені құрады. Қорда барлығы 400,3 млрд теңге жинақталған.

 МӘМС үшін барлық төлемдер Қордың ҚР Ұлттық Банкіне ағымдағы шотына түседі. Кейіннен қаражат қордың жеткізуші-медициналық ұйымдары халыққа көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеуге бағытталады.

Бұдан басқа, өткен жылдың басынан бастап дербес төлеушілер төлемнің төрт түрін – табыс салығын төлеуді, міндетті зейнетақы жарнасын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді және әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарнаны қамтитын бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлейді. Қызметтерді немесе тауарларды жалдамалы қызметкерлерді пайдаланбай, тек жеке тұлғаларға ғана өткізетін жеке тұлға БЖТ төлеуші бола алады.

БЖТ ай сайын төленеді және қала тұрғындары үшін 1 АЕК (2651 теңге) және басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 0,5 АЕК (1326 теңге) құрайды. БЖТ-ны өткен кезең үшін төлеуге болмайды.

Бұл арнайы салық режимін біздің облыстың 80 мыңға жуық тұрғыны пайдаланды. Олар 100,2 млн. теңге сомасына төлем жүргізді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы қосымша ақпарат fms.kz сайтында орналастырылған сондай-ақ, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты кез келген сұрақты "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Павлодар облысы бойынша филиалына 70-41-23, 70-41-24 нөмірі бойынша немесе Qoldau-24/7 мобильді қосымшасы арқылы хабарлай аласыз.

 

Дата публикации
01 октября 2020
Дата обновления
01 октября 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы