
Егер сізде үй құстары болса – төмендегі қарапайым ережелерді сақтай отырып, оның денсаулығын сақтаңыз:
1. Үй құстарына арналған үй-жайларды дұрыстап жайластырыңыз. Терезелеріне тор орнатыңыз. Құстардың серуендеуіне арналған орын жан-жағынан тормен қоршалуы керек – ол сіздің үй құстарыңызды жабайы жыл құстарымен жанасудан сақтайды.
2. Үй құстарын күтіп баптау барысында халат, арнайы дәкеден бет перде, қолғап және орамал кию ұсынылады. Адамдар үшін үй құстары тек құс тұмауы ғана емес, басқа да қауіпті жұқпаларды – сальмонеллез, орнитоз және басқаларын жұқтыру көзі болуы мүмкін екенін есте ұстаңыз.
3. Құстарға арналған үй-жайларды және серуендейтін орындарды тазалықта ұстаңыздар, үй-жайдың қабырғасын, еденді және жерді қолда бар зарарсыздандырғыш заттармен үнемі тазалап тұру керек (3 % сода ерітіндісімен немесе 3 % хлорамин ерітіндісімен).
4. Құстың саңғырығын жинап тұрыңыздар оны қолғаппен ұстаңыздар.
5. Тауық қораға барып кайтқаннан кейін міндетті түрде қолдарыңызды сабындап жуыңыздар.
6. Құстарға арналған жемдерді – жабайы құстар жей алмайтындай, бөлек орында сақтаңыздар.
7. Құстарды сою арнайы бөлінген орында жүргізіліп, жүні мен мамықтарын өртеу, ал сойылған орынын зарарсыздандыру қажет.
8. Жұмыртқаны тамаққа пайдалану алдында міндетті түрде сабынды сумен жуу керек.
9. Құс өнімдерін тағамға тек термиялық өңдеуден кейін ғана қолдану керек: жұмыртқаны кем дегенде 10-20 мин пісіру, ал етті кем дегенде 1 сағат қайнату керек. Өңдеудің осындай режимі – іс жүзінде барлық микробтарды өлтіреді.
10. Қазақстанда үй құстарын құс тұмауын жұқтырудан сақтайтын арзан және тиімді вакцина жасалған – вакцинация жұргізу үшін мал дәрігерлеріне жолығыңыз.
Сіздін ауданыңызда құс тұмауы анықталған жағдайда:
- Үй құстарыңызды жабық жайда ұстауға ауыстырыңыз;
- Ауырған құстарды сау құстардан оқшаулаңыз;
- Аулада жабайы құстар қонбауы үшін үркіткіш қарақшы орнату керек;
- Бұл кезеңде базарлардан қосымша тірі құс сатып алмаңыз.
ОСЫНДАЙ ҚАРАПАЙЫМ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ОРЫНДАҒАН ЖАҒДАЙДА ҒАНА СІЗ ӨЗІҢІЗДІҢ ҚҰСТАРЫҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ЖАНҰЯҢЫЗДЫ ҚҰС ТҰМАУЫНАН САҚТАП ҚАЛА АЛАСЫЗ!
Баянауыл аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы