Лого

Меню

Страницы

Статья

Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің қызметіндегі негізгі бағыттардың бірі – азаматтардың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде құқықтарын қорғау және қалпына келтіру болып табылады.

Осыған орай, Департамент тарапынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласында тұрақты негізде бақылау іс-шаралары жүргізіледі.

Бақылаудың тиімді құралдарының бірі – көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелеріне сыртқы бақылау жүргізу болып табылады. Бұл – қызмет көрсету рәсімдерінің дұрыс орындалуын нақты уақыт режимінде қадағалап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Айтып өту керек, 2025 жылдың басынан бастап Департаментпен 48 азаматтың құқығы қалпына келтірілді.

Мәселен, көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелеріне қол жеткізу арқылы сыртқы бақылау жүргізу барысында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметін көрсету тәртібінің бұзылу фактісі анықталды.

Аталған бұзушылық – көрсетілетін қызметті алушыға қызмет нәтижесін берудің орнына тек аралық жауап жолдануынан көрініс тапты, жауапта нақты шешім кейінірек берілетіні туралы хабарланған.

Мұндай тәсіл Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына қайшы келіп, азаматтың, яғни көрсетілетін қызметті алушының құқықтарын шектейді.

Департаменттің араласуынан кейін, көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін мемлекеттік қызметтің ресми нәтижелері берілді және бұзылған құқықтар қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, жол берілген бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлға
ҚР ӘҚБтК 465-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселемен Департаменттің 20-85-06 сенім телефонына немесе Telegram мобильді қосымшасында «EgovKzBot2.0» бот-платформасындағы «Уәкілетті органға жүгіну» бөлімінде шағым беру арқылы жүгіне алатындығы туралы айтып өту қажет.

 

І. Әшім

МҚІА Павлодар облысы бойынша

департаментінің мемлекеттік қызметтер

көрсету басқармасының бас маманы

Дата публикации
23 июля 2025
Дата обновления
23 июля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы