Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуына кедергі келтіретін, қоғамның сенімін жоғалтатын аса қауіпті әлеуметтік құбылыс.

Сыбайлас жемқорлықтың ең қауіпті тұсы – оның жасырын әрі жүйелі түрде таралуы. Бұл құбылыс мемлекеттік қызметтегі әділдікке нұқсан келтіріп, қоғамда әлеуметтік теңсіздік тудырады. Әділдік жоғалған жерде сенім де жоғалады.

Мемлекетіміз бұл мәселені жақсы түсініп, жүйелі түрде күрес жүргізіп келеді. Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралар қабылданып, заңнамалық негіздер нығайтылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң, ұлттық стратегиялар мен тұжырымдамалар осы бағыттағы жұмыстың негізі болып отыр.

Сонымен қатар, ең басты күш – азаматтардың өздерінде. Әр адам адалдықты өмір салтына айналдырып, заңсыз әрекеттерге төзбеушілік танытуы қажет.

Бұл тұрғыда аудан аумағында жүйелі жұмыс жүргізіліп, ішкі талдау жасалады.

Сыбайлас жемқорлықты жеңу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Әр азаматтың белсенді ұстанымы мен адалдығы ғана еліміздің жарқын болашағына жол аша алады.

 

А. Ксентаев,

Баянауыл ауданының әкімі.

Дата публикации
20 июня 2025
Дата обновления
20 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы