Лого

Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ-дағы ашық есік күні: зейнетақы жүйесіндегі құқықтар және алаяқтықтан қорғану жолдары туралы айтамыз

2025 жылғы 11 маусымда "БЖЗҚ" АҚ (БЖЗҚ, Қор) онлайн-форматта "Сіздің зейнетақы жүйесіндегі құқықтарыңыз: алаяқтардың құрбаны болмау жолдары" тақырыбында "Ашық есік күнін" өткізеді.

Мақсаты – халықтың  зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, алаяқтық схемалардан қорғану тәсілдері, сондай-ақ тікелей "БЖЗҚ" АҚ-дан сенімді ақпарат алудың маңыздылығы туралы түсініктерін арттыру.

Іс-шараны өткізу барысында қатысушыларға ақпаратты ресми көздерден және тікелей Қордан алудың неліктен маңызды екендігі, қызмет көрсету бойынша заңды ұсыныстарды алаяқтық схемалардан қалай ажыратуға болатындығы, ақылы кеңес беру қызметтерін ұсынатын бөгде адамдардан қандай қауіптер туындауы мүмкін екендігі туралы түсініктемелер беріледі.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері сұрақтарға жауап беріп, іс-шараға келушілерге жеке кеңес береді.

«Ашық есік күні» 2025 жылдың 11 маусымы күні сағат 10:00, 12:00, 15:00 -да онлайн-форматта өткізіледі 

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме (https://us05web.zoom.us/j/6787811702?pwd=SmVDWTEwQnVpZU50VG1EVFFLQnNRQT09&omn=86325797984) бойынша өтуі керек. Содан кейін event-кеңестің нөмірін (678 781 1702) және event-кеңестің паролін (1414) енгізу қажет.         

 

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын, БАҚ өкілдерін және қатысуға ниетті барлық азаматтарды «Ашық есік күнінде» қуана күтеді!

 

Дата публикации
03 июня 2025
Дата обновления
03 июня 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы