Лого

Меню

Страницы

Статья

«Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқыту туралы

2020 жылдың 1 қыркүйек күні «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерін тегін онлайн оқытуының  4-ші ағымы басталады.

Биылғы жылы қабылданған карантиндік шараларды ескере отырып, "Atameken Academy" онлайн платформасы арқылы қашықтықтан онлайн-оқыту қарастырылған.  

Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары оқыту қатысушылары болып табылады, оның ішінде:

- ауылдық елді мекендерде, қалаларда, оның ішінде моно және кіші қалаларда тұратын адамдар;

- мүгедектер, егер медициналық қорытынды бойынша денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі келтірмесе не олардың денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың еңбек қауіпсіздігіне зиян келтірмесе;

- зейнеткерлік жасқа жетпеген елу жастан асқан адамдар;

- сондай-ақ NEET санатындағы жастар;

- табысы аз және/немесе көпбалалы отбасылардың мүшелері;

- ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелері;

- қоныс аударушылар және оралмандар.

Оқу мерзімі 21 күннен аспайды. Бағдарлама қатысушыларына сертификат беріледі.

Жоба шеңберінде онлайн-оқыту үшін қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, оқудан өту туралы өтінішпен жүгінуі тиіс. Халықты жұмыспен қамту орталықтары үміткердің мәртебесін жобаның нысаналы тобына сәйкестігі расталған жағдайда оқуға жолдама береді.

 

Дата публикации
26 августа 2020
Дата обновления
26 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы