Лого

Меню

Страницы

Статья

Пандемияға қарамастан, автоХҚО қызметіне деген сұраныс саябырламай тұр

Облысымызда  жыл басынан бері автоХҚО-да 65 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді . «Азаматтарға арналған үкіметтің» облыстық филиалының ресми мәліметіне сәйкес биылғы жеті ай ішінде Павлодар облысында жүргізуші куәлігін беру және ауыстыру бойынша 22 мыңнан астам қызмет, ал көлікті тіркеу бойынша 43 мыңға жуық мемлекеттік қызмет ұсынылған.  

Бұл орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалының директор орынбасары Салтанат Ауппаеваның айтуынша, былтырғы жылға қарағанда биыл egov.kz арқылы алынған онлайн қызметтердің саны артқан. «Бұл үрдіс азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыруға оң әсерін тигізгені анық. Мәселен, биыл электрондық портал арқылы 6 мыңнан астам адам жүргізуші куәлігін ауыстырса, 5 мыңнан аса кісі көліктерін онлайн  түрде қайта тіркеген», - деді ол.

Бүкіләлемдік пандемия салдарынан жарияланған төтенше жағдай мен карантиндік шектеулерге, соның ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс уақыты қысқарғанына қарамастан,  павлодарлықтардың автокөлікке қатысты қызметтерге деген сұранысы өте жоғары. Айта кетсек, биыл жүргізуші куәлігіне қатысты қызметтердің саны былтырғы жылға қарағанда 6 мыңға өскен, ал көлікті қайта тіркеу бойынша қызмет небары 5 мыңға қысқарды.

 Бұл тұрғыда еске салайық, елдегі карантиндік жағдайға байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін алдын-ала брондау арқылы кезекке тұру қажет. «ХҚО-ға кезекті брондау қызметі тегін және ресми түрде egov.kz порталы, телеграм және 1414 байланыс орталығы арқылы ұсынылады. Бұл орайда алаяқтарға алданбауларыңызды сұраймыз», - деп ескертті Салтанат Ауппаева.

 

 

Дата публикации
24 августа 2020
Дата обновления
24 августа 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы