Лого

Меню

Страницы

Статья

Қызылша

Қызылша — ауа арқылы жұғатын өте жұқпалы вирустық инфекция. Қызылша вирусы үй-жайда екі сағатқа дейін сақталуы мүмкін. Ауырып, сауыққаннан кейін адамда, шынында, өмір бойына иммунитет қалыптасады. Сондай-ақ, орташа есеппен, қызылшаның әрбір үшінші жағдайы асқынуға әкеледі.

Ең көп таралғаны — диарея, құлақ инфекциясы, 40,5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін дене қызуынан болатын құрысу, пневмония, бронхит және ларинготрахеит.

Қызылша вирусынан соқыр және керең болып қалуы мүмкін, бұл вирус мидың қабынуына (энцефалит, менингит), жүйке жүйесінің бұзылуына және психикалық бұзылуларға, сондай-ақ миокардитке әкелуі мүмкін.

Егер адамда қызылшаға қарсы екпе салынбаған болса, онда ол кез келген жаста ауру жұқтыруы мүмкін. Қызылша жаңа туған нәрестелер мен жас балаларға, жүкті әйелдерге (мерзімінен бұрын босануға немесе түсік тастауға әкелуі мүмкін), сондай-ақ иммунитеті төмен адамдарға (иммун тапшылығы, АИТВ-оң нәтижелі) өте қауіпті болып келеді. Бұл қауіп топтарында аурудың асқынуы ықтимал.

Қызылша жұқтырудан және асқындырудан қорғанудың жалғыз жолы — ҚҚП вакцинасы (қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы құрамдастырылған вакцина). Ұлттық екпе күнтізбесі бойынша балалар бұл вакцинаны 12-15 айда және 6 жаста алады. ҚҚП вакцинасының екі дозасы қызылшаны жұқтыру мүмкіндігін, шамамен, 97%-ға төмендетеді. Вакцина тиімді ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз және қарсы көрсетілімдері өте аз. Бұл – иммун тапшылығы ауруы, оның ішінде АИТВ, қатерлі ісіктер және жүктілік.

Осылайша, «қызылшамен ауырып, өмір бойына иммунитет қалыптастырып алған артық» деп айту қате, себебі қызылша, көбінесе, асқынуға әкеледі. Қызылшамен ауырып, қарсы көрсетілімдерге байланысты екпе ала алмайтындарға ауру жұқтыруы мүмкін және инфекциядан кейбіреулерінің қайтыс болуы ықтимал. Барлық осы қауіптерден қоғанудың жалғыз жолы - ең тиімді және барынша қауіпсіз болып табылатын ҚҚП вакцинасы.

Дата публикации
10 апреля 2024
Дата обновления
04 апреля 2024
Тип
Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет хабарлайды

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы