
АПВ — адам папиллома вирусы. Бұл — адамның ауыз қуысы мен жыныс мүшелерінің тері жабындары мен шырышты қабықтарын зақымдайтын туыстас вирустардың 200-ден астам түрі. Көп жағдайда бұл инфекция 2-3 жылдан кейін өздігінен кетеді және көбінесе ешқандай симптомсыз адамға байқалмай өтеді. Кейбір жағдайларда, онкогендік АПВ түрлері денеде қалып қойса, бұл әртүрлі ағзаның қатерлі ісігіне әкеледі. Ең алдымен, жатыр мойны обырына әкеледі. 100% жағдайда жатыр мойны обырының туындауына онкогендік АПВ түрлері себеп болады (6, 18, 31, 33, 45, 52 және 58 түрлері).
Вакцинациялау - АПВ инфекциясының, жатыр мойны обырының және АПВ-мен байланысты басқа онкологиялық аурулардың алдын алудың ең тиімді жолы. Скрининг жатыр мойны обырына дейінгі ауруларды анықтауға мүмкіндік береді, оларды қатерлі ісікке айналғанға дейін емдеуге болады.
АПВ вакцинасы 9-14 жас аралығындағы барлық қыздарға жыныстық қатынасқа түспес бұрын егілу керек.
Вакцинаны бір дозалы немесе екі дозалы схема бойынша енгізуге болады. Иммунитеті төмен адамдар 2 немесе 3 дозаны қабылдауы керек. Сізге ең қолайлы нұсқаны таңдау үшін дәрігеріңізден кеңес алыңыз.
АПВ-ға қарсы вакциналар — қазақстандық әйелдерді жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуынан қорғаудың қазіргі және барынша тиімді (тиімділіктің 95%-ға жуығы) тәсілі.