Лого

Меню

Страницы

Статья

Балалардың отпен ойнауы қауіпті

Өрт барлық уақыттарда да болған, бірақ соңғы кезде олардың саны қайтымсыз өсуде және өрттердің өзі әлдеқайда апаттық сипат алуда.

Статистика бойынша Қазақстандағы әрбір бесінші өрт баланың отпен ойнаудың немесе отқа қатысты абайсыздығының нәтижесінде болады. Отпен ойнаудың соңы көбіне қайғылы аяқталады, ал ең өкінішітісі, балалардың көбіне ересектердің, соның ішінде, жақын адамдары ата – аналарының қателігінен зардап шегетіндері. Баланың отпен ойнауы тек өрт тудырып қана қоймай, сонымен қатар, күю және адамдардың өлімімен сипатталатын қайғылы жағдайларға да жеткізуі мүмкін.

Бұл неден болады? Ересектер өрт құпиясында жасырынған бар қауіпті түсінбейді ме? Газет, радио және теледидардан болып жатырған апаттық және қайғылы жағдайлар туралы ақпарат аз беріледі ме? Бірақ көпшілік тұрғындар бұрынғыша өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтамайды, кейбіреулер өзінің жанұясының, жақындарының, қоршаған ортаның алдындағы жауапкершілігін түсінбесе, кейбіреулер ішкі мәдениеттің жоқтығынан мамандардың кеңесіне, ұсыныстарына құлақ асуға құлықсыздық танытады.

Балалар үйде ересектердің қарауынсыз қалған жағдайда өздеріне ермек іздейді. Сондай кезде көзіне бірінші болып түскен шырпы ( сіріңке ) өрттің себепшісі болады. Ересектерге ұқсап тәжірибе жасап көргісі келген бала шырпымен қағаз жағып, электрмен қыздырылатын құралды электр жүйесіне қосып немесе өз бетімен алау жасап көруі де мүмкін. Шырпыны дұрыс қолдана білмеуі кесірінен, бұл жағдай соңында баланың өзіне де, қоршаған ортаға да қайғылы аяқталады. Ересектерден үлгі алатын балалар кейде шылым шегіп көруі де мүмкін. Бұған әрине, баланы үйде қараусыз қалдыратын, шырпыны баланың қолы жетпейтін жерге қоюды білмейтін және оның қауіптілігін түсіндірмейтін ата – аналар кінәлі. Кейде ересектер ошаққа от жағуды немесе газ плитасының жанып тұрған конфоркасын, электротұрмыстық құралдарды бақылауды тапсыру арқылы балаларды бақытсыздыққа өздері итермелейді.

Әсіресе, балалардың ересектердің көзінен таса жерлерде: құрылыста, шатырда жертөледе от жағып ойнауы қауіпті болып келеді. Ондай кезде бала бақылаудан шыққан от жалынын көріп, сасқалақтап қалады да, нәтижесінде ауыр жарақаттанады немесе өлімге душар болады.

Бірақ мұндай қайғының алдын – алып, болдырмауға да болады. Ол үшін балаларға әрдайым отпен ойнаудың қауіптілігін түсіндіріп, шырпыны тұтандырғыш заттарды баланың қолы жетпейтін жерлерде сақтап, сәбилерді үйде қараусыз қалдырмау қажет.

Бұған қоса, баланың кінәсінен болған өрт кезінде үшінші тұлға зардап шеккен жағдайда, онда баланың ата –анасы бұл үшін әкімшілік тәртіпте жауап беретінін есте сақтау керек. Сот зардап шегушінің арызына сәйкес, баланы қараусыз қалдырған ата – анадан өрттен келген шығын суммасын өндіріп алуға құқылы.

Шырпы – баланың ойыншығы емес екендігі белгілі. Сондықтан да міндетті түрде балалармен өрт қауіпсіздігі жөнінде әңгіме жүргізіп, оларға отпен ойнаудың қауіптілігін, оның салдарын түсіндіріп, сәбилерден шырпы және басқа да тұтандырғыш заттарды аулақ ұстап, ал естияр балаларға электроқұралдарды қолдану тәртібін түсіндіру қажет.

Ата – аналарға баласы дені сау болып өсіп дамуы үшін, оны оттан қорғау жолдарын, отқа қатысты қауіпсіз жағдайды қалай жасауға болатынын салмақты ойланатын кез келді.

 

 

Баянауыл ауданы

Төтенше жағдайлар бөлімі

Дата публикации
29 февраля 2024
Дата обновления
29 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы