Лого

Меню

Страницы

Статья

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы бойынша еліміздің облыстары бөлінісінде балалар саны мен оларға есептелген қаражат туралы статистика

695,5 млн АҚШ доллары 6 919 131 балаға (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2023ж. дейін туған балаларға) есептелді. Оның 30,6 млн АҚШ долларынан астамы бағдарламаның 18 жасқа 2024 жылы толатын 304 815 қатысушысының (қоса алғанда 01.01.2006ж. бастап 31.12.2006ж. туған балалар) нысаналы жинақтау шоттарына есептелген.

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы аясында нысаналы талаптарға қатысушылардың/нысаналы жинақтарды алушылардың саны және 01.02.2024ж. жағдай бойынша Қазақстан облыстары бөлінісінде есептелген сомалар бойынша статистика мынадай:

облыс

Нысаналы талаптарға қатысушылар

оның ішінде Нысаналы жинағын алушылар

саны

сомасы, $

саны

сомасы, $

Ақмола облысы

215 487

21 660 753,24

11 283

1 134 167,16

Ақтөбе облысы

331 394

33 311 724,88

13 684

1 375 515,68

Алматы облысы

608 711

61 187 629,72

26 802

2 694 137,04

Атырау облысы

277 236

27 867 762,72

11 117

1 117 480,84

Шығыс Қазақстан облысы

225 822

22 699 627,44

9 305

935 338,60

Жамбыл облысы

472 426

47 488 261,52

21 626

2 173 845,52

Батыс Қазақстан облысы

220 355

22 150 084,60

9 406

945 491,12

Қарағанды облысы

343 230

34 501 479,60

16 205

1 628 926,60

Қызылорда облысы

338 320

34 007 926,40

14 182

1 425 574,64

Қостанай облысы

211 083

21 218 063,16

10 716

1 077 172,32

Маңғыстау облысы

330 390

33 210 802,80

12 755

1 282 132,60

Павлодар облысы

213 934

21 504 645,68

10 501

1 055 560,52

Солтүстік Қазақстан облысы

132 977

13 366 848,04

7 418

745 657,36

Шымкент

502 752

50 536 631,04

19 158

1 925 762,16

Алматы

666 443

66 990 850,36

26 621

2 675 942,92

Астана

481 349

48 385 201,48

18 346

1 844 139,92

Түркістан облысы

922 841

92 763 977,32

41 968

4 218 623,36

Абай облысы

157 856

15 867 685,12

9 395

944 385,40

Ұлытау облысы

63 948

6 428 052,96

3 236

325 282,72

Жетісу облысы

202 577

20 363 040,04

11 091

1 114 867,32

барлығы

6 919 131

695 511 048,12

304 815

30 640 003,80

 

Жоғарыда келтірілген статистикалық деректерден нысаналы талаптарға қатысушы балалардың ең көп саны(922 841 балаға 92 763 977,32 АҚШ доллары есептелген) Түркістан облысында тұратынын көруге болады. Оның ішінде 18 жасқа ағымдағы жылы толатын 41 968 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 4 218 623,36 АҚШ доллары есептелген.

Балалар саны бойынша екінші орында - Алматы қ. (666 443 балаға 66 990 850,36 АҚШ доллары есептелген), оның ішінде 18 жасқа ағымдағы жылы толатын 26 621 нысаналы жинақ алушының нысаналы жинақтау шоттарына 2 675 942,92 АҚШ доллары есептелген.

Үшінші орында - Алматы облысы (608 711 балаға 61 187 629,72 АҚШ доллары есептелген). Оның ішінде 18 жасқа ағымдағы жылы толатын 26 802 нысаналы жинақ алушылардың нысаналы жинақтау шоттарына 2 694 137,04 АҚШ доллары есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан Ұлттық қорынан барлық балаларға 100 АҚШ доллары 52 центі мөлшерінде бірдей сома есептелген. Ол жыл сайын Ұлттық қор активтерінің өсуі және инвестициялық кіріс алуы есебінен ұлғайып отырады.

Баланың бағдарламаға қатысу дерегі және оған есептелген нысаналы талаптар туралы ақпаратты кәмелетке толмаған баланың ата анасы немесе басқа заңды өкілдері арнайы құрылған kids.enpf.kz сайтынан баланың ЖСН бойынша тексере алады. Онда бағдарламаның шарттарымен танысуға, нұсқаулықтар, қызықтырған сұрақтарға жауаптар алуға болады. Сондай ақ, ата аналар әрбір балаға есептелген сомалар туралы деректерді egov.kz порталындағы Жеке кабинетінен де тексере алады.

Кәмелетке толған азамат нысаналы жинақтарын enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетінен, БЖЗҚ ұялы қосымшасында немесе egov.kz порталында өз бетінше тексере алады.

Республиканың өңірлері, ондағы балалардың жасы, жынысына қарай есептелген сомалар бойынша толық статистика enpf.kz сайтында орналастырылған.

Осы тақырып бойынша бейнетүсініктеме БЖЗҚ ЕНПФYouTube-арнасында жарияланды.

Дата публикации
26 февраля 2024
Дата обновления
26 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы