Иә, шынымен де солай. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетке еңбек сіңірген жылдары
бойынша шыққан отандастырмыз міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы
жинақтарын пайдалануға құқылы және оларды тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе
емделуге толық көлемде ала алады. Бірақ пайдалануға өтінім бермес бұрын БЖЗҚ-да жинақтардың бар-
жоғын және алуға болатын сомасын нақтылау қажет. Одан кейін сіз уәкілетті операторларға
хабарласуыңыз керек. Тұрғын үйге зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге пайдалану бойынша уәкілетті
операторлар – "Отбасы банкі "тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ (портал www.enpf-otbasy.kz),
"Қазақстан Халық банкі" АҚ, "Altyn Bank" АҚ, "Банк ЦентрКредит" АҚ және "Банк Фридом Финанс
Қазақстан"АҚ. Ал емделу бойынша тек "Отбасы банкі" уәкілетті оператор болып табылады.