Лого

Меню

Страницы

Статья

Аудан әкімінің 2023 жылдың 8 айында атқарған жұмысы туралы есебі

Құрметті жерлестер, Сіздердің назарларыңызға 8 айда атқарылған жұмыстарды баяндауға рұқсат етіңіздер!

Әлеуметтік-экономикалық дамуы

2023 жылдың 8 айдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 89,5 пайызға орындалып,қалған 5 көрсеткіш бойынша 100 пайыздан асыра орындалды.

Анықтама: Өнеркәсіп нақты 27882,9 млн.теңге НКИ-89,5%, Негізгі капиталға инвестициялар көлемі – 10419,2,0 млн.теңге НКИ-180,0%, Құрылыс – 3593,7 млн. теңге НКИ 132,3%, Тұрғын үйді пайдалануға енгізу 5171 шаршы метр НКИ 132,8%, Бөлшек сауда 2932,2 млн.теңге НКИ-100,1%, Ауыл шаруашылығы 15527,5 млн.теңге НКИ-102,1%.

Бюджет

Жалпы 2023 жылға арналған аудандық бюджет екі нақтылауды ескере отырып 10072,5 млн. теңгені құрайды, меншікті кірістер –3113,4 млн. теңге, субвенция – 83,6 млн.теңге, трансферттер көлемі – 5902,1 млн.теңге, оның ішінде даму трансферттері 2273,7 млн. теңге, ағымдағы трансферттер 3628,4 млн теңге.

2023 жылы жүзеге асырылатын жобалардың саны – 42, жалпы сомасы 7 млрд 487 млн 776 мың теңгені құрайды. Оның ішінде бірінші – сумен қамтамасыз ету бойынша:

Сумен жабдықтау

Биылғы жылы 8 ауылдық елді мекенде жалпы соммасы 1 млрд 855 млн 249 мың теңгеге су құбырының құрылысы жүргізілуде.

Тұрғындардың сумен жабдықтау қызметтеріне қол жетімділігі 91,9% құрайды. 2 ауылда орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі іске қосылу барысында.

Ағымдағы жылы Жалғызқайын ауылында жаңадан су құбырының құрылысы салынуда, жұмыстар 70 пайызға орындалды. (мердігер - «LifeStoryInvest» ЖШС)

2020 жылдан бері келе жатқан 7 елді - мекендегі проблемалық су құбырының құрылысына биыл қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстар жүргізілуде. Майкөбе, Сұлужон, Қызылшілік, Лекер ауылдарында мердігер «ЛОГОТЕК KZ» ЖШС-мен жұмыстар 85 пайызға орындалды, Жұмат Шанин мердігер «Көлсайстрой» ЖШС-мен жұмыстары 45 пайызға орындалып, кестеге сәйкес қараша айында аяқталуы күтілуде. Торайғыр ауылы бойынша 2 кезеңі басталды, екі жылдық жоба.

Анықтама үшін:

Қызылшілік, Майкөбе, Лекер, Служон ауылдарында мердігер «ЛОГОТЕК KZ» ЖШС,

Торайғыр ауылында су құбырын тартуға (II кезең) 252,6 млн.теңге бөлініп, мердігер ГИДРОПРОМ ЖШС-гі,

Баянауыл ауылындағы орталық су құбырының қосылмаған учаскелеріне 157,8 млн.теңге бөлінді, мердігер «Ақмешіт – Мелиоратор» ЖШС.

ТӘУЕКЕЛ:

- Баянауыл ауылындағы орталық су құбырының қосылмаған учаскелерінің жобасы бойынша мердігермен келіссөздер жүргізілді, жобаға тиісті өзгерістер еңгізілді. Бірақ жөндеу жұмыстарын бастаған жоқ.

Жоғарыда аталып өткен жұмыстарды биылғы жылы толығымен аяқтасақ аудан халқының таза ауыз сумен қамтамасыз етілуі 98 пайызға жетеді деп жоспарлап отырмыз.

Жолдар – 2 млрд 320 млн 427 мың теңгеге 5 жоба

Аудандық маңызы бар және ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 680,1 км құрайды (Республикалық маңызы бар – 174 км: облыстық - 9 км; аудандық – 394,37 км.кентаралық және көше жолдары – 102,7 км.).

Аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеудің бес жобасы бойынша барлығы 2 млрд 294 млн 027 теңге бөлінді:

- Баянауыл – Угольное (Аймаутова) 10,8 және 15 км бағыттары бойынша жұмыстар аяқталды («ПКФ Гордорстрой» ЖШС – 736,0 млн.теңге)

- Баянауыл – Угольное (Аймаутова) бағытының 18,0 км «ПКФ Гордорстрой» ЖШС-мен, жұмыстар 90 пайызға орындалды, кәзіргі таңда жол белгілері мен жолдың жиегін көтеру жұмыстары жұргізілуде (520,1 млн.тенге);

- Қаражар – Южное 15 км – «ПКФ Гордорстрой» ЖШС, жұмыстар 100 пайыз орындалды (456,5 млн.теңге);

- Теңдік-Ұзынбұлақ бағытында 11 км бойынша «Дорстрой материал XXI» ЖШС – мен жұмыстардың орындалуы 45 пайыз (579,8 млн.теңге);

Сонымен қатар, екі ауданды қосатын «Ж.Аймауытов –Ақшиман (Май ауданы шекарасына дейін 20 км)» автомобиль жолы құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама 26,4 млн.теңгеге әзірленді. (Әзірлеуші болып «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» Қазақстан жобалау-зерттеу институты» ЖШС анықталды).

Бүгінгі күні жоба мемлекеттік сараптамадан өтуде.

 

Ауылішілік жолдар – 597,0 млн.теңгеге - 5 жоба.

- Майқайың кенті, 7,4 км, 272,4 млн.теңге бөлінді, («Асфальтабетон» ЖШС-мен жұмыс жүргізілуде, орындалған жұмыс көлемі 80%). Бүгінгі күнге 7,176 км қашықтықта асфальттау жұмыстары жүргізілді. Қалған 0,200 км қашықтықта асфальттау және жолға белгі салу, қою жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 30 қыркүйегі.

- Үшқұлын ауылына 1,5 км ауылішілік жолдарды орташа жөндеуге «Асфальтобетон ПВ» ЖШС-мен 44,8 млн. теңгеге келісім шарт жасалды. Жолға қиыршық тас төселді, 18 қыркүйектен бастап асфальттау жұмыстары жүргізіледі. Жұмыстарды аяқтау мерзімі ағымдағы жылдың 22 қыркүйегі.

- Сәтбаев ауылында ұзындығы 2,7 км. ауылішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 86,6 млн.теңге бөлінген. (Мердігер «УниверсалКлас» ЖШС анықталды, кесте бойынша жұмыстар жүргізілуде, бүгінгі күнге 99,0 % жұмыс атқарылды).

- Баянауыл ауылындағы 8 ауылішілік жолды (Жамбыл, Ферингер, Жаяу Мұса, Гагарин, Марғұлан, Жарылғапберді, Олжабай батыр, Ж. Аймауытов,) орташа жөндеуге – 133,2 млн.теңге бөлінді, оның ішінде:

Жаяу Мұса көшесі қашықтығы 1193 метр бойынша мердігер Екібастұз қаласынан «ExtraClass» ЖШС-мен жұмыстар маусым айында басталып, толығымен аяқталды.

Ж.Аймауытов, Гагарин, Олжабай батыр, Марғұлан және Жарылғапберді көшелеріне «ExtraClass» ЖШС-мен 88,0 млн теңгеге келісімшарт жасалынды. Жұмыстар басталды кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр.

Ферингер және Жамбыл көшелерінің жұмыстарының конкурсына тамыз айына дейін өтініш түспеуі себепті, бөлінген қаражат аудандық бюджетке өтінім бойынша қайтарылды.

Сонымен қатар, Шонай ауылына кіреберіс жолына 1,5 км орташа жөндеуге «ExtraClass» ЖШС-мен 60 млн.теңгеге келісім шарт жасалып, жұмыстар басталды. Жұмыс кестесіне сәйкес аяқталады.

Осылайша, ағымдағы жылы аудандық маңызы бар автожолдардың 70,5 шақырымын және ауылішілік жолдардың 17,6 шақырымын (Майқайың-8,9 км,,Баянауыл–3,1 км.,Сәтбаева-2,7км., Ақсан-2,66км) жөндейміз.

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

Ақсан ауылында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында 229,1 млн.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда:

- көше жарығы құрылысы 24,1 млн.теңгеге мердігер «ELCOM» ЖШС жұмыстар жүргізіліп, пайдалануға берілді.

- автомобиль жолын орташа жөндеуге 87,9 млн.теңгеге, 2,66 шақырым жол жөнделді (мердігер «УниверсалКлас» ЖШС, Павлодар қ.).

- ауылдық клубын күрделі жөндеуден өткізу үшін 58,8 млн.теңгеге бөлініп, жөндеу жұмыстары 90% мердігер «ГрадСтройСервис» ЖШС орындалды.

Сонымен қатар, облыстық бюджетті нақтылау кезінде Ақсан ауылындағы медициналық пунктті күрделі жөндеуге 58,3 млн.теңге қаражат бөлінді. Осы жоба бойынша мердігер ЖШС АСТ-Билдинг КОМПАНИ анықталды. Орындалған жұмыс көлемі 80 пайызды құрайды. (техникалық қадағалау бойынша конкурс рәсімдері өтуде)

Абаттандыру, 281 млн.200 теңгеге 8 жоба.

Бірлік ауылында 6,0 км көшені жарықтандыру үшін (260 шам) облыстық бюджет есебінен 66,3 млн.теңгеге «Хлебстрой» ЖШС жұмыстар жүргізілуде, сонымен қатар, аудандық бюджеттен Ұзынбұлақ және Егіндібұлақ ауылдарына жалпы сомасы 83,5 млн.теңгеге (2,5 км. - 100 шам, 4,11 км – 154 шам) жарықтандыру жоспарланып, 77,8 млн.теңгеге («Хлебстрой», «Ай Султан Компани» ЖШС) жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл біз елді мекендерді балалар және спорт алаңдарымен жабдықтауды жалғастырудамыз:

- Бірлік ауылында балалар алаңының құрылысына 39,7 млн.теңге бөлініп, (мердігер «СКЕР» ЖШС, Павлодар қ.,) толығымен жұмыстар аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

- Майқайың кентіндегі Бәйтерек және Кенші көшелерінде 2 балалар ойын алаңының құрылысына 74,0 млн.теңге бөлініп, жұмыстар ағымдағы жылдың 3 мамырында басталып, бүгінгі күні толығымен пайдалануға берілді (Мердігер И.П.Кенженова, Қызылорда қ., «ВОСТОКБУРВОД-ПАВЛОДАР» ЖШС).

- Шонай ауылында балалар алаңы (мердігер «КазСтройГруп ЛДТ» ЖШС-мен) 11,7 млн.теңгеге орнатылды.

- Жаңатілек ауылында спорттық-сауықтыру кешенін салудың жобалық-сметалық құжаттамасы 6,0 млн.теңгеге әзірленді, бүгінгі күні ведомстволық сараптамаға тапсырылды (әзірлеуші «ДУМ-проект», Шымкент қ.).

Білім беру, 1,1 млрд теңгеге- 6 жоба

Аудан бойынша барлығы 26 мектеп бар, оның ішінде 21 орта, 3 негізгі, 2 бастауыш. Мектептерде 4631 оқушы білім алады. 22 мектепке дейінгі мекеме, оның ішінде 4 балабақша, 18 шағын орталық бар. Контингент – 932 адам.

Қаражар ауылында жаңа мектептің құрылысы ағымдағы жылдың 5-сәуірінде басталды. Жобаның құны - 650 млн.теңге. Мектептің 1 және 2 қабат іргелері көтерілді. Бүгінгі күні жалпы құрылыстың 95 пайызы аяқталды. Биылғы оқу жылының 2-тоқсанында мектепті толық аяқтап, қолданысқа беру жоспарда.

- Д.Рахметов атындағы орта мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге «ГрадСройСервис» ЖШС-мен 244,2 млн.теңгеге келісім-шарт жасалды. (Бас мердігер Қарағанды ​​қаласы, «ExcellentPlast» ЖШС қосалқы мердігерімен келісім-шартқа отырды. Жұмыс сәуір айында басталды. Орындалған жұмыс көлемі 99%) . Мектеп 1 – қыркүйектен оқу үрдісін бастады.

Сондай-ақ, облыстық бюджетті нақтылау кезінде Ж.Ағаділов атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 77,1 млн.теңгеге «ВИНТРЕЙД» ЖШС-мен шарт жасалды. (Орындалған жұмыс көлемі 99%). Мектеп 1 – қыркүйектен оқу үрдісін бастады.

Жайма орта мектебіне модульдік қазандық сатып алу алуға «Гранд-Ресурс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалды. Жұмыс жүргізілуде, 20 –қыркүйекке дейін аяқталады.

Лекер және Ақши НМ спорт зал құрылысына «Лира» ЖШС-мен 109,6 млн.теңгеге келісім шарт жасалып, құрылыс жұмыстары басталды.

Денсаулық сақтау

Баянауыл ауданында 34 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді, оның ішінде:

1 аудандық аурухана, 1 ауылдық учаскелік аурухана, 2 емхана; 23 медициналық пункт; 5 дәрігерлік амбулатория; 2 фельдшерлік-акушерлік пункт.

Денсаулық сақтау саласының 3 жобасына 460,6 млн.теңге бөлінді, олар:

– Ж.Аймауытов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуден өткізуге «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен 52,0 млн.теңгеге шарт жасалды. Жұмыстар 04.05.2023 жылы басталды, жұмыс кестесі бойынша аяқталуы 22.09.2023ж.

Орындалған жұмыс көлемі 95 пайызды құрайды.

- Майқайың кентіндегі ауылдық учаскелік аурухананың күрделі жөндеуін «Азамат Құрылыс» ЖШС-гі 350,3 млн.теңгеге жүргізуде, жұмыс 23 мамырда басталған, аяқталуы 8 қазан. Орындалған жұмыс көлемі 80 % құрайды.

- Ақсан ауылындағы медициналық пунктті күрделі жөндеуге 58,3 млн.теңге қаражат бөлінді. Осы жоба бойынша мердігер ЖШС АСТ-Билдинг КОМПАНИ анықталды. Орындалған жұмыс көлемі 80 пайызды құрайды. (техникалық қадағалау бойынша конкурс рәсімдері өтуде)

Сонымен қатар, 67,8 млн. теңгеге 3 санитарлық автокөлік сатып алынды (Майқайын кенті, Қаратомар, Күркелі ауылдарына) 80 %

Мәдениет саласы, 142 млн.600 теңгеге 3 жоба

Баянауыл ауданында 21 Мәдениет үйі бар, оның ішінде:

2 мәдени-демалыс орталығы, 11 мәдениет үйі және 7 ауылдық клуб. Солардың бірі Ақши ауылдық клубы апаттық жағдайда, жабық тұр (бүгінгі күнге бағалау жұмыстары жүргізілуде, аукцион тәсілімен сатуға қойылады).

Аудандық бюджет есебінен Лекер, Қаражар ауылдарындағы 2 ауылдық клубқа жалпы сомасы 83,0 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде (мердігер «Тілек – 2030», АРКА-БД» ЖШС. Лекер ауылындағы клуб бойынша 95 % -ға, Каражар ауылы бойынша 85 %- ға жұмыстар орындалды).

Сонымен қатар, ағымдағы жөндеуге:

- Торайғыров атындағы мәдени-сауықтыру орталығының сахнасын техникалық жабдықтауға 59,6 млн.теңге бөлініп, жұмыстар 100% орындалды.

Егіндібұлақ ауылдық клубы құрылысын жүргізу үшін мердігер болып Астана қаласынан «ИКАС» ЖШС анықталды.

Ағымдағы жылғы 28-29 шілде күндері әйгілі жерлесіміз, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған мерейтойы аталып өтті.

Онда 80-ге жуық киіз үй тігіліп, ұлттық дәстүр мен өнер дәріптелді. Ақын тойында «Шығамын тірі болсам адам болып» атты Республикалық көркемсөз оқу шеберлері байқауы, ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі тамашаланып, ұлттық спорт ойындарынан жарыстар болды.

11-12 тамыз күндері Ұлы ғұлама, ақын, философ Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165-жылдығына орай республикалық деңгейде мәдени іс шаралар өткізілді.

«Көне ғасыр күмбірі» атты республикалық жыршы, термешілер байқауы, "Алты алашқа жайылып кеткен атым!" атты Республикалық ақындар айтысы өткізілді.

Ескелді шатқалында 100-ден аса киіз үй тігіліп, Орта Азиялық қолөнершілерінің жәрмеңкесі, мәдени, спорттық іс шаралар өткізілді.

Тұрғын үй.

Ауданда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте 816 азамат тұр. (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 75, көп балалы отбасылар – 172, халықтың әлеуметтік осал топтары – 333, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері) кезекте тұр. – 231, апатты тұрғын үй – 5).

Облыстың бюджеттік комиссиясы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 10 пәтер сатып алуға 96,0 млн.теңге бөлінді, сонымен қатар аудандық бюджеттен қосымша 42,8 млн теңге қаражат қарастырылды. Қазіргі уақытта Майқайын кентінде 4 пәтерге мемлекеттік сатып алулар жүргізілуде, қалған 6 пәтер таңдалуда.

Мамандандырылған техника (ассенизаторская машина, экскаватор-погрузчик) сатып алуға 80,5 млн.теңге бөлінді,мемлекеттік сатып алу өткізілді, ассенизатор машинасын жеткізу аптаның соңында жоспарланған, экскаватор-тиегіш шағымдануда.

Өрт сөндіруге автокөлік тіркемелерін сатып алуға (Ақсан, Сәтбаев, Торайғыр, Бірлік, Қаратомар, Служон ауылдарында) 23,3 млн.теңгеге жеңімпаз "Аружан" ЖК сатып алынды. Сонымен қатар, облыстық бюджеттен шағын орман патрульдік кешендер сатып алуға 44,7 млн.теңге қарастырылған, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу алу рәсімдер жүргізілуде.

Баянауыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 214,3 млн.теңге бөлініп, конкурстық рәсімдер жүргізілді. Мердігер «Гидропром» ЖШС анықталды. Конкурс қорытындысына шағымдану бойынша сот талқылаулары жүріп жатыр (2 жылдық жоба).

Туризм саласы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 360 қаулысына сәйкес Баянауыл демалыс аймағы республикамыздың ТОП-10 туристік аймақтар қатарына енді.

Осы орайда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында іс-шаралар жүзеге асырылуда. Демалыс аймағында жыл бойғы туризмді дамыту басты назарда.

Баянауыл демалыс аймағында жалпы сыйымдылығы 5188 төсек орынды құрайтын 52 демалыс үйлері мен қонақ үйлері жұмыс істейді, оның ішінде 5 ведомстволық демалыс үйі және 2 балалар сауықтыру лагері қызмет көрсетеді.

(Анықтама үшін: Жасыбай Д.А.-42 демалыс үйлері / 4201 орын, Сабындыкөл Д.А.-6, демалыс үйі / 778 орын, Баянауыл 2 қонақ үйі, 49 орын, Торайғыр Д.А.- 2 демалыс үйі / 160 орын)

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи парк мәліметіне сәйкес 2022 жылы демалыс аймағына 101 300 турист келген.

2023 жылдың басынан 31 тамыз аралығында Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 119,0 мың демалушы келді.

Жазғы демалыс маусымында 15 тамақтану орны және 8 сауда нүктелері қызмет көрсетті.

Инвестициялық жобалар

2023-2025 жылдары туризм саласы бойынша және жол бойындағы сервис қызметі нысандарының бой көтеруіне жеке инвестиция тарапынан жалпы соммасы 2,640 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске асыру жоспарлануда, атап айтқанда:

  1. «Березовая роща» демалыс үйінің 100 орынды 2 қабатты корпусының құрылысы, инвестиция көлемі 1500,0 млн. теңге, инвестор «Айдабол құрылыс» ЖШС;
  2. «Сабындыкөл плаза» демалыс үйінің жыл бойы қызмет көрсететін корпусының құрылысы, инвестиция көлемі 250,0 млн. теңге, инвестор «Тулпар 2021» ЖШС;
  3. Сабындыкөл жағалауындағы 2 қабатты кемпинг құрылысы, инвестиция көлемі 120,0 млн. теңге, инвестор ЖК «Тулеубеков»;
  4. Жол бойындағы кафе құрылысы, инвестиция көлемі 70,0 млн. теңге, инвестор «Жағалбайлы» ШҚ;
  5. «Пегас» жол бойындағы сервис нысанының құрылысы, инвестиция көлемі 700,0 млн. теңге, инвестор «Пегас» ЖШС.

Слайд 36

Ауыл шаруашылығы

Мал азығын дайындау

Ағымдағы жылдың статистикалық есебі бойынша ауданымызда тіркелген мал саны: Ірі қара мал – 100092 бас 102,0 % (2022ж - 98103), жылқы – 56638 бас, 102,1 % (2022ж - 55498), қой мен ешкі – 121216 бас 100,5 % (2022ж - 115608).

Ауданымызда жұмыс істеп тұрған шаруа қожалықтар саны 585 (статистикалық мәлімет бойынша 753). Ауылдық окургтер аумағында 247 қыстақ учаскелері орналасқан.

2023-2024 жылғы қыс айларына кіретін Баянауыл ауданы бойынша шамамен 92,2 мың шартты мал басына қажетті мал азығы 128 мың тонна (бір жарым жылдық қор), оның ішінде 13 мың тонна былтырғы жылғы қалдық болса, қалған 115,0 мың тонна шабындық және жайылым алқаптарынан дайындалу жоспарлануда.

2023 жылға дайындалған жұмыс жоспарына сәйкес, 273,3 мың гектардан 380,0 мың гектар алқапқа ұлғаяды деп жоспарлап отырмыз.

Бүгінгі күні жоспар бойынша 105,0 мың тонна дайындалу керек болса, оның 54,3 мың тонна дайындалды, 51,0 мың тонна дайындау қажет.

Шөп шығымдылығы ауылдардың ақпараты бойынша 0,33-2,6 ц/га, ең төменгі шығымдылық – Құндыкөл ауылдық округі, ең жоғарғы – Сәтбаев, Ұзынбұлақ ауылдық округтері 2,5-2,6 ц/га . (Өткен жылы аудан бойынша 2,5 ц/га құрады) .

Шөп дайындау науқанына 420 бірлік трактор (барлығы 738) , 850 бірлік шалғы шығу жоспарлануда, бүгінгі күні 340 бірлік трактор, 630 бірлік шалғы шөп дайындауға шықты.

Шабылған шөптің көлемі 257,0 тонна.

Бүгінгі күні Ақсу, Аққулы, Железин және Шарбақты аудандарынан ауылдық округтеріне жалпы көлемі 75,4 тонна шөп сатып алынып жеткізілді.

2022 жылы шаруа қожалықтарға қолдау, көмек ретінде мал азығына (жем-шөп дайындауға) облыстық бюджеттен субсидия қарастырылып, бөлінді. Баянауыл ауданы бойынша 323 шаруа қожалық өтінім беріп, 422,0 млн. тенге субсидия төленді. Биылғы жылы облыстық бюджеттен мал азығына субсидия қарастырылуда.

Қой - 5000 теңге және Ірі қара мал басына -15000 теңге.

2023 жылдың 15 қыркүйектен мал азығына берілетін субсидияға өтінім қабылдау басталды.

Егіс алқаптарының құрылымы.

2023 жылы егіс алаңы 13293 гектарды құрады (2022 жылы – 12744га), оның ішінде:

– дәнді дақылдар (зерновые) – 8593 га (2022 жылы – 10135 га);

- мал азығы (кормовые) – 4460 га (1871 га);

- картоп - 200 га (200 га);

- көкөністер - 40 га (40 га).

Бүгінгі күнге көлемі 1515 га алқаптан дәнді-дақылдарды және 760 га мал азығы (көп жылдық шөп) жинау басталды.

Жанар-жағар май. Баянауыл ауданына күзгі-егістік және мал азығын дайындау жұмыстарын жүргізуге арзандатылған дизель отыны (22 мамырға дейін) 2053,0 тонна бөлінді(199 шаруа қожалығы), оның ішінде: шабындыққа–1 879,7 тонна, егін жинау жұмыстарына– 173,3 тонна).

Операторлық қызметтерді ескере отырып арзандатылған дизель отынының 1 тоннасының құны:

"ТК Парнас" ЖШС-тоннасына 276,0 мың теңге немесе литріне 232 теңге; "LF TRADE" ЖШС-тоннасына 275,0 мың теңге немесе литріне 231 теңге.

Бүгінгі күні 833,5 тонна жанар жағармай алуға 78 шаруа қожалық өтінім берді, 321,1 тоннасы төленді, 231,0 тонна тасымалданды.

Егін жинау жұмыс жоспарына сәйкес жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер мен жанар-жағармай бекеттері басшылығы арасында арзандатылған дизель отынын 1 литріне 8 теңгеден жеткізу үшін келісім бар.

Баяндама аяқталды. Назарларыңызға рахмет!

Дата публикации
20 сентября 2023
Дата обновления
20 сентября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы