
Аудан әкімі Ардақ Ксентаевтың Баянауыл ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесу өтті.
Аудан және ауылдық округ көлемінде атқарылған жұмыстар баяндалған жиында тұрғындар өз сауалдарын қойды.
Шонай ауылына кіреберіс 1.5 шақырымға жөндеу жұмыстары басталды. Су құбырын қазу жұмыстары жақын арада жүзеге асырылады.
Тұрғындар тарапынан қойылған көше жарығы мәселесі де біздің назарымызда. 6 км.700 метрге жоба жасалады.
Жиында жергілікті халық абаттандыру мәселесін көтерді. Аудан әкімі ғммараттардың қасбеттерін жөнге келтіріп, тазалық сақтауға қатысты ауыл әкіміне полиция бөлімімен бірлесе жұмыс атқаруға тапсырма берді.
Ауыл тұрғындарының көкейіндегі басты мәселелер бойынша жүйелі түрде жұмыс жасалады.