
Аудан әкімі Құндыкөл және Жаңажол ауылдық округтерінде өткен халықпен тұрақты кездесуде жергілікті тұрғындарға атқарылған жұмыс барысын таныстырды.
7 айдың қорытындысы бойынша мәлімет беріп, азаматтардың сауалдарына жауап берді.
Құндыкөл ауылдық округіне қарасты Егіндібұлақ ауылында клуб салу үшін мердігер анықталып, құрылыс жұмыстары басталды. Бұл - 2 жылдық жоба. Бүгінгі күні қоршау жұмыстары жүргізілуде. Жақын күндері фундамент қазылады.
Жиыннан соң аудан басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, ағымдағы жағдайымен танысты. Қысқы маусымға дайындық барысын бақылап, олқылықтарға жол бермеуді тапсырды.