
Аудан әкімі Ардақ Ксентаев Қаратомар ауылдық округіндегі кездесуден бұрын мектеп пен шағын орталықты, олардың от қазандығын қарады.
Жақында ауылға санитарлық көлік алынып, халықтың игілігіне берілді. Жақын арада өрт сөндіру үшін автокөлік тіркемесі жеткізіледі.
Тұрғындар су құбырындағы ақауларды айтып, мәселе көтерді. Бұл бойынша мердігерге хабарланды.
Қаратомар ауылдық округі бойынша көше жарығы мен футбол алаңын салу 2024 жылғы жоспарда.
Тұрақты кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер мен сұрақтар назардан тыс қалмайды. Әр мәселе бойынша күрделілік жағдайына орай жоспар жасалып, жұмыстар жүргізіледі.