
Аудан әкімі кестеге сәйкес, Жаңатілек және Қаратомар ауылдық округінің тұрғындарымен тұрақты кездесу өткізді.
Жаңатілек ауылына іс-сапар әлеуметтік нысандарды аралаудан басталды. Бақыт Хайдаров атындағы мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. 50 балаға арналған шағын орталық та дайындық үстінде. 1 аптаның ішінде жұмыстар толық аяқталады дейді мектеп әкімшілігі.
Мектептен бөлек, аудан әкімі медициналық пункт, су станциясына арнайы барды.
Халықпен тұрақты кездесуде жергілікті тұрғындарға ауданда атқарылған жұмыстар мен жобаларды таныстырды.
Жергілікті халық Екібастұзбен шектесетін орынға Баянауыл ауданын айшықтайтын стелла орнатуға ұсыныс жасады. Қарашат-Жаңатілек жолына асфальт төселгенде шетіне қиыршық тас төсеу жұмыстары жасалмаған. Осы мәселенің шешімін табуды сұрады. Асфальт төсеу жобасында бұл көрсетілмеген.
Жиында көтерілген енді бір мәселе - көше жарығы. 6 км 670 метрге көше жарығын жасауға жоба жасалды. Сонымен қатар, ауылішілік жолдарға жөндеу жұмыстары 2025 жылға жоспарланған.
Биылғы қуаңшылық жағдайында ұлттық парктің аймағынан шөп шабуға қатысты хат жолданған болатын. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасады.
Халықпен кездесуден соң, аудан әкімі азаматтарды жеке сауалдары бойынша қабылдады. Олардың көпшілігі жұмыспен қамтуға қатысты мәселені ортаға салды. Құзырлы мекеме басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізді.