Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар азаматтар зейнетақы аударымдарын жасай ала ма?

ҚР "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Заңының (бұдан әрі - Заң) 2-бабына сәйкес, егер басқа заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар зейнетақымен қамсыздандыру құқығын Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең пайдаланады.

ҚР "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Заңының 1-бабы 1-тармағының 14) тармақшасында шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты болып айқындалған.

Демек, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, егер заңда өзгеше көзделмесе, БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының зейнетақы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде аудару жолымен, Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастыруға толыққанды құқықтары бар.

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы