Лого

Меню

Страницы

Статья

Менің тіркелген және тұрғылықты мекенжайым өзгерді. Оны БЖЗҚ жүйесінде қалай өзектендіруге болады?

Заңнамада салымшы (алушы) БЖЗҚ-ға өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін барлық өзгерістер туралы 10 күнтізбелік күн ішінде хабарлауға міндетті деп көзделген.

БЖЗҚ-ның өз міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістерге, егер хабарлама беру кезінде осы мекенжайлар пайдаланылса, салымшының (алушының) тұрғылықты мекенжайының, электрондық мекенжайдың (e-mail) өзгеруі жатады.

Өзгерістерді төмендегі әдістер арқылы жүзеге асыруға болады:

-  БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы Жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны, электрондық қызметке QR-қол қоюды немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;

-  БЖЗҚ кеңсесіне тікелей жеке өтініш жасаған кезде;

- "Қазпошта" АҚ бөлімшелеріне өзі келіп жүгінген кезде. "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінің тізімі enpf.kz сайтындағы "Қызметтер" – "Қазпошта "АҚ-мен ынтымақтастық" бөлімінде орналастырылған.

Дата публикации
10 мая 2023
Дата обновления
10 мая 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы