Лого

Меню

Страницы

Статья

Зейнетақы шотынан үзінді көшірмеде аударымдар сомасы 2013 жылдан басталады. Ал оған дейінгі жылдарда жасалған аударымдар туралы ақпаратты қалай алуға болады?

БЖЗҚ 2013 жылы Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының ("МЖЗҚ" ЖЗҚ" АҚ) базасында құрылды. Барлық жеке қорлардың зейнетақы активтері мен міндеттемелері БЖЗҚ-ға берілді.

Жеке зейнетақы шотынан (бұдан әрі - ЖЗШ) үзінді көшірме алу - бұл салымшылардың (алушылардың) заңмен бекітілген құқығы. ЖЗШ ашылған жеке тұлғаға оның сұранысы бойынша ЖЗШ ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынған күнге зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты БЖЗҚ ақысыз беруге, сондай-ақ, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қол жеткізудің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етуге міндетті.

Сіз өзіңіздің зейнетақы жинақтарыңыздың жай-күйі туралы төмендегі әдістер арқылы біле аласыз:

  • электрондық:

- БЖЗҚ сайтындағы немесе ұялы қосымшасындағы не электрондық үкімет порталындағы (egov.kz) Жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе пайдаланушының логині мен паролін пайдалана отырып;

- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы;

  • тікелей БЖЗҚ кеңсесіне өзі келіп өтініш жасаған кезде;
  • пошта байланысы қызметтері арқылы.

ЖЗШ-дан үзінді-көшірме БЖЗҚ-да ЖЗШ ашылғанға дейінгі кезеңге қалыптастырылған жағдайда, ЖЗШ-дан үзінді-көшірмеге БЖЗҚ-ға мәліметтерді берген "соңғы" жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынған зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат қоса беріледі.

Қажет болған жағдайда БЖЗҚ 2013 жылға дейінгі ақпаратты бере алады. Ол үшін enpf@enpf.kz электрондық поштасы арқылы жазбаша сұраныс жолдауға немесе тұрғылықты жері бойынша БЖЗҚ бөлімшесіне сұратылған ақпарат пен қажетті кезеңді көрсете отырып өтініш жасауға кеңес береміз. Құжат Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзім ішінде берілетін болады.

Дата публикации
02 мая 2023
Дата обновления
02 мая 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы