Лого

Меню

Страницы

Статья

Құрметті жерлестер!

Бүгін, 12 сәуір – қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызы, халқын өзінен де биік санаған ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күні.

Қаныш Имантайұлы – қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан, Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаған, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, академик. Бір емес, сан ғылымға құлаш сермеп, талай биікті бағындырып қазақтың атын әлемге әйгілеген ғалым Баянауылдың құтты құрсағынан дарығандығы – біз үшін үлкен мәртебе.

Атағы "аспандаған" нар тұлға қарапайымдылығымен, биік парасатымен өзгелерден дараланған. Ғылым мен білімге ұмтылған ғалымның ізбасарлары мен баянауылдық өскелең жастар Қаныштай болуға ұмтылады.

"Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіздер", - деп жақсылыққа жол сілтеген Қаныш Имантайұлының кешегі дана да дара жолы баянауылдықтар үшін ғана емес, күллі қазаққа темірқазық.

Абай Құнанбаев айтқандай: «Ғалым мен терең ойшыл – адамзаттың абыройы». Ендеше, Қаныш Сәтбаев – ұлт мақтанышы!

Дата публикации
12 апреля 2023
Дата обновления
12 апреля 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы