Лого

Меню

Страницы

Статья

Құрметті баянауылдықтар!

 

 

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурызды халқымыз бар жақсылықтың бастауына балаған. Ұлыстың ұлы күні деп ерекше санап, Наурызбен табиғат жаңарады, жақсылық келеді деп сенген. Мәні мен маңызы терең атаулы мейрамда жұртшылық «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын» - деп біріне бірі жүрекжарды тілегін, ізгі лебізін білдіреді.

Жаңа бастаманы, табиғаттың салтанатын, көктем мен жаңару мерекесін білдіретін ежелгі мереке ерекше бір мейірімге бөлейді. Ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін, қазаққа ерекше жылулық сыйлайтын мерекенің мәні де, маңызы да зор.

Ата-бабаларымыз Наурыз мейрамын тойлауды 14 наурызда – «Амал күнінен» - көрісу дәстүрінен бастаған. Қыста ағайынмен қатынас үзілген соң, «Самарқанның көк тасы еріген» кезеңде қыстан дін аман шыққан ауылдас, туыс-жекжат бірін бірі көктемнің келуімен құттықтап, көрісіп мәз-мейрам болған. Қиындыққа жұбаныш айтып, қуанышқа ортақтасқан.

Наурызбен көптеген салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды байланыстырады. Осы мереке кезінде әр үйдің дастарханынан табылып, келген қонаққа ұсынылатын дәм – Наурыз көженің де өзіндік насихаты, ерекшелігі бар.

Мейрамның ауқымын кеңейтіп, мерекені жетілдіру мақсатында ел Президентінің тапсырмасымен «Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасы» бекітілген болатын.

 Тұжырымдама негізінде Көрісу күнінен бастау алатын мереке Жайлау күні, Шежіре, Тарихқа тағзым, Игі істер, Шымырлық пен шеберлік, Зияткерлік, Ұлттық тағамдар, Ұлыстың ұлы күні және Жоралғы күнімен жалғасын табады.

Көктемнің әр күнін игі іске арнап, жұртшылықты өнегелі іске топтастырған тұжырымдама аудан төңірегінде де жоғары деңгейде мерекеленіп келеді. Оған өздеріңіз де куә болып жүрсіздер.

 

Қадірлі жерлестер!

 

Ұлыс оң болсын! Жаңа жыл жақсылықпен еніп, ескі жыл есіркесін! Аспан-Жердің арасы тыныштық пен бақытқа толы болсын! Әр қазақтың шаңырағы шаттыққа, бақытқа, дәулет пен мол несібеге жете берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!

 

А.КСЕНТАЕВ,

Баянауыл ауданының әкімі

Дата публикации
22 марта 2023
Дата обновления
22 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы