Лого

Меню

Страницы

Статья

Қазір біздің зейнетақы жинақтарымыздың "жоғалып кетуі"мүмкін екендігі туралы әңгімелер өте көп. Мен осыған алаңдаймын, сондықтан зейнетақы жинақтарымның сақталуына қандай кепілдіктер бар екенін білгім келеді?

Қазақстан – зейнетке шыққан кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, азаматтардың зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік беретін әлемдегі жалғыз ел.

"ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы" заң (5-бап) алушыларға зейнетақы төлемдеріне құқық алған кездегі инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген жарналар мөлшерінде БЖЗҚ-дағы міндетті зейнетақы жарналары мен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.   

Басқаша айтқанда, адам зейнетке шыққан кезде оның жеке зейнетақы шотындағы кірістілік жинақтаушы зейнетақы жүйесінде болған барлық кезеңдегі инфляция деңгейіне қатысты есептеледі. Егер осы уақыт ішінде зейнетақы жинақтарының кірістілігі инфляция деңгейінен төмен болса, мемлекет бұл айырмашылықты өтейді. Сондықтан салымшылардың жинақтары сенімді қорғалғанына сенімді бола аласыз. Бұл қаржы нарықтарындағы оқиғалардың қалай дамитынына және инвестициялық табысқа қатысты жағдайдың қалыптасуына байланысты емес.

Салымшылар мемлекеттің кепілдігі бойынша төлем алу құқығын зейнет жасына толған кезде алады. Бұдан басқа, бұл құқыққа егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен адамдар, МЗЖ, МКЗЖ аударған шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, мемлекет кепілдігі бойынша төлем алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, мұрагерлер ие болады.

Дата публикации
13 марта 2023
Дата обновления
13 марта 2023
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы