Лого

Меню

Страницы

Статья

Сыбайлас жемқорлықтан ада-қоғам құруға ат салысайық!

Баянауыл аудандық аумақтық инспекциясы тарапынан Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы рұқсат беру құжаттары беріледі. Атап айтқанда «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасымалдауға карантиндік сертификат беру» және «Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» қызметтері. Сонымен бірге шет елдерден немесе басқа облыстардан әкелінген карантинге жатқызылған өнімдерге келген  жерінде екінші мәрте жете тексеру жұмыстары жүргізіледі.

           Яғни тәуекелі жоғары импортталған және облысаралық тасымалданған карантиндік өнімдерге жете тексеру карантиндік актілері беріледі. Демек  аудан кәсіпкерлері басқа мемлекеттерден, облыстардан карантиндік өнімдерді (жеміс-жидектер, көкөністер мен картоп, ағаш өнімдері, көшеттер мен астық және т.б.) тасымалдаған  жағдайда  міндетті түрде келген жерінде жете тексеруге ұсынулары қажет.

         Инспекцияда жыл басынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы мекеме қызметкерлерімен және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен 20 мәрте жиналыстар мен дөңгелек үстелдер өткізілді. Мамандармен күнделікті жұмыс бастар алдында бес минуттық жеке әңгімелесулер өткізіледі. Инспекцияда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалаудың барлық жағдайына арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып фото және бейнетүсірілімдер  жүргізіледі. Бейнетүсірілімдер мамандардың мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы іс-қимылдарын бақылауда ұстауға көмектеседі.

         Апта сайын инспекторларға мемлекеттік қызмет көрсету мен өздерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын іс-әрекеттерге бармау, жеке және заңды тұлғалардың карантинге жатқызылған өнімдерін тасымалдауына карантиндік және фитосанитариялық сертификаттарды беруді бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүргізу, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды және аса қауіпті зиянкестері мен ауруларына  және карантиндік ағзаларға қарсы  жасалатын  химиялық өңдеу мен оның биологиялық тиімділігін анықтау шараларын тиісті нормативтерге сай атқару қажеттілігі қатаң ескертіледі.

 Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырымен жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.  Яғни  пара беру де,  пара алу да пайдалы болмайтындай, үлкен қылмыс ретінде саналатындай жағдай, қоғамдық сана қалыптасуы қажет. Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді және  заңдылық қағидаларын жоққа шығарып азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлердің айналысып отырғаны көрініс табуда.

Инспекция басшысы жұмыс күні жеке қабылдауларын өткізу арқылы халықпен кері байланыс жүйесі жолға қойылған.

Сонымен бірге инспекция кеңсесінде мемлекеттік қызмет алушыларға арналған өзіне -өзі қызмет көрсету бұрышы орналастырылған, онда арнайы стендтерде мемлекеттік қызмет стандарттары мен регламенттері бойынша түсіндірмелер көрсетілген.

 Сыбайлас жемқорлық туындауының алдын алу және заң бұзушылық іс-әрекеттерді анықтау мақсатында мемлекеттік қызметті алушылар үшін аудандық инспекцияда қолжетімді жерде «Ескертулер, ұсыныстар мен пікірлер үшін» арнайы жәшік қойылған.

Ал азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністері туралы хабарлауы үшін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінде  8(7182) 51-30-65 «сенім телефоны» жұмыс істейді.

 Баянауыл аудандық аумақтық  нспекциясы басшысының м.а.  М.Түселбай

Дата публикации
07 декабря 2022
Дата обновления
07 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы