Лого

Меню

Страницы

Статья

Қайырлы күн! Менің жұбайым Түркия азаматы, бірақ Қазақстанда ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Оның БЖЗҚ-да жинақтары бар. Айтыңызшы, ол өзінің жеткіліктілік шегінен асатын ақшасын тіс емдеуге пайдалана ала ма?

ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы»  Заңының 2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер, егер заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең дәрежеде зейнетақымен қамсыздандыру құқығын пайдаланады.

ҚР «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы»  Заңының 1-бабының 14) тармақшасына сәйкес шетелдіктің Қазақстан Республикасының аумағында жеке басын куәландыратын және оның Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алғанын растайтын құжат шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты (ШТЫ) болып табылады.

Демек, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру дерегін шетелдіктің тұруға ықтиярхатының бар екендігімен растайтын шетелдіктердің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін (олар болған кезде) тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында, сондай-ақ, заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес болған кезде инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру үшін пайдалануға құқығы бар.

Осылайша, Заңның 31-бабының 1-1-тармағында және 32-бабының 1-1-тармағында МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен біржолғы зейнетақы төлемдеріне, оның ішінде өзіне немесе жұбайына (зайыбына) немесе жақын туыстарына емделуге ақы төлеу мақсатында БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары бар адамдардың төменде көрсетілген талаптардың бірі болған кезде құқығы көзделген, олар:

егер салымшының жеке зейнетақы шотында (ЖЗШ) бар МЗЖ және (немесе) МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегінен асып кетсе;

егер зейнетақы мөлшері, ал отставкадағы судьялар үшін ай сайынғы қамту сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен белгіленетін алушының орташа айлық табысының 40 пайыздан төмен емес деңгейде алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе;

егер салымшы сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасаса.

Дата публикации
01 декабря 2022
Дата обновления
01 декабря 2022
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын белгіленген кесте бойынша төлем ретінде алуға кімдер құқылы?
20 октября 2026
Зейнет жасына толуына байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын алу үшін қайда және қашан жүгіну қажет?
20 октября 2026
Кесте бойынша зейнетақы төлемдерінің мөлшері қалай есептеледі?

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы