2026 жылғы 5 сәуірде өткен Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімін сайлау қорытындылары туралы
хабарлама
2026 жылғы 5 сәуірде Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округінің әкімін сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 575 азамат енгізілді. Дауыс беруге - 334 сайлаушы қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны – 2.
Жаңатілек ауылдық округінің әкімі сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Альжанов Маргулан Бейсембаевич үшін сайлаушылардың 280 дауысы берілді,
Талипова Дана Аргыновна үшін сайлаушылардың 39 дауысы берілді,
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 9.
Сайлау қорытындысы бойынша Жаңатілек ауылдық округінің әкімі болып Альжанов Маргулан Бейсембаевич сайланды, 1990 жылы туған, «Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, әкім, Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тұрғыны.